2019 жылдың 26 қыркүйегінде Тараз мемлекеттік университетінің М.Үркімбаев атындағы «Жастар сарайында» Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы ұйымдастырған «Еңбек күні» кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиналыс өткізілді.

Іс-шара басталмай тұрып, залда еңбек қатынастары мен қауіпсіздік пен еңбекті қорғау туралы тақырыптық бейнеролик көрсетілді.

Салтанатты шараны басқарма басшысы Б.Нарбаев құттықтау сөзімен ашып, «ҚР Еңбек ері» «Шоушен» ШҚ басшысы Сайранбай Дөненбаев, «Нұр Отан» партиясының Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуов, Жамбыл облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Мейрамбек Төлепберген және де басқа спикерлер сөз сөйледі. Шараға қалалық және аудандық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссия төрағалары, облыстық басқарма басшылары, мекемелер мен кәсіпорын басшылары, облыстық және салалық кәсіподақтар, жұмыс берушілердің өкілдері, кәсіпорындардың қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Шара соңында облыс әкімінің атынан, «Нұр Отан» Жамбыл облыстық филиалы, «Жамбыл кәсіподақтар орталығы» және Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы еңбек ардагерлері меналдыңғы қатарлды жұмыскерлерін құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *