2019 жылдың 8 айдың қорытындысы бойынша баяндама

Еңбек қатынастарын реттеу барысында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат

Облыстағы әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы ахуал тұрақты, еңбек шиеленістері ресми тіркелген жоқ.

 

Басқармамен еңбек шиеленістері туындау қаупі бар 54 кәсіпорын бақылауға алынып, ай сайын мониторинг жасалынып отыр.

Оның 37 кәсіпорыны еңбек тәуекел картасы шеңберінде 20 критерий бойынша мониторингіленсе, 17 кәсіпорын (бұрын жалақы қарыздары орын алған және ұжымдық арыз-шағымдар болған кәсіпорындар) облыстың «Ыстық нүкте» картасына енгізіліп, тұрақты бақылауға алынған.

 

Одан бөлек, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан ай сайын өңірлердің еңбек тәуекел картасы жасақталып, талдау жасалынып отырады. Аталған картаның қорытындасы бойынша облыстың еңбек жағдайлары жартыжылдық нәтижесімен қалыпты жағдайды көрсетіп отыр.

 

Қазіргі уақытта облыста ағымдағы және мерзімі өткен жалақы қарыздары жоқ, тек оңалту рәсімі қолданылған («ПроектСтройГаз» 15 жұмыскерге 16,3 млн теңге») және банкротқа ұшыраған («Таразхиммонтаж» 167 жұмыскерге 67,7 млн теңге) 2 кәсіпорында 182 жұмыскер алдында 84 млн теңге жалақы қарыздары бар.

Бұл кәсіпорындар бойынша соттың тиісті шешімдері шыққан, облыстық кірістер департаменті қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылдауда.

Ақпарат ретінде: банкротқа ұшыраған және оңалту рәсімі қолданылған кәсіпорындарға қатысты сот шешімі шығып, заң талаптарына сай жұмыстар атқарылуда.

  1. «Таразхиммонтаж» (167 жұмыскерге 67,7 млн теңге)кәсіпорыны бойынша электронды сауда-саттық арқылы мүлкін сату рәсімдері жүргізілуде (5 рет электронды сауда-саттық өткізілген, аукционға қатысушылардың жоқ болуына орай сатылған жоқ).Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, кәсіпорынның дүние-мүлкі сатылған соң, бірінші кезекте жалақы қарыздары төленетін болады.
  2. «ПроектСтройГаз» (21 млн. теңгеден 15 жұмыскерге 16,3 млн. теңге қалды) кәсіпорынына оңалту рәсімі қолданылған, жалақы қарыздарын өтеу кестесі бекітіліп, кестеге сәйкес жүзеге асырылуда. 2021 жылға дейін оңалту рәсімі жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының 1-бабының 25 тармақшасына сәйкес оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті орган оңалту және банкроттық саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган  — ол қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер Комитеті болып табылады. Жамбыл облысында уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі ретінде — Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті болып табылады.

 

Ақпарат ретінде айтар болсақ, жыл басынан бері облыста 19 кәсіпорында 4295 жұмыскер алдында 744,1 млн теңге жалақы қарыздары анықталып, оның 660,1 млн (88,7%) теңгесі өндіріліп, 4113 жұмыскердің құқықтары қорғалды.

 

Мемлекеттік еңбек инспекторларымен 8 айда жеке және заңды тұлғалардың 753 арыз-шағымдары қаралып, 122 тексерулер ашылып, 163 заң бұзушылық фактілері анықталған. Олар бойынша 4 810 125 теңге көлемінде 30 әкімшілік айыппұлдар, 17 ескерту түріндегі әкімшілік шаралар қолданылып, 68 орындалуы міндетті нұсқамалар берілді.

Нәтижесінде 705 арызданушының құқықтары қорғалып, қанағаттандырылды.

 

Басқармамен әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу барысында негізгі бес бағыт айқындалып, жоспарлы жұмыстар атқарылуда.

  1. Төменгі жалақыны көтеру;

2.Ұжымдық шарттар қабылдау;

3.Меморандумдар қабылдау;

4.Әлеметтік-еңбек саласын цифрландыру;

  1. Бейресми жұмыспен қамтылған тұлғалардың еңбек қатынастарын заңдастыру.

 

  1. Төменгі жалақыны көтеру жұмыстарына келетін болсақ, облыстың 6234 (71%) кәсіпорыны 71,9 мың жұмыскердің жалақысын орта есеппен 41,4 мыңнан 51,5 мың теңгеге немесе 24,4%-ға көтерді.

Бұл өңірлер арасындағы 6 көрсеткіш.

Оның ішінде:

91 (95 кәсіпорын / 97%) ірі кәсіпорын 43300 жұмыскерге (64-мемлекеттік);

42 (298 кәсіпорын / 14,1%) орта кәсіпорын 3877 жұмыскерге;

6101 (8407 кәсіпорын / 72,6 %) шағын кәсіпорын 24700 жұмыскерге жалақыларын көтерді.

(Орташа номиналды жалақы мөлшері 112,3 мың теңгені құрап, орташа республикалық мөлшерден 33,4 пайызға төмен республика бойынша – 168,5 мың. теңге).

Бұл орайда жұмыс берушілермен жалақы төлеу жүйесін реттейтін 3873 акті қабылданды. Оның ішінде: 2254 бұйрық, 467 ұжымдық шарт, 1134 үшжақты келісімдер, 3 хаттама және 15 ұжымдық шартқа өзгеріс енгізу және бір аумақтық үшжақты келісімдер қабылданған.

Бұл өңірлер арасындағы 6 көрсеткіш.

 

  1. Ұжымдық шарттар қабылдау мәселесіне келер болсақ, облыста әрекет етіп тұрған заңды тұлғаның 4545 немесе 52 пайызы ұжымдық шарттармен қамтылды.

Бұл облыстар арасындағы 7 көрсеткіш.

Ақпарат ретінде: 1559  (98%) мемлекеттік, 2985 (41%) жеке сектордағы кәсіпорындар.

 

  1. Жұмыскерлердің жұмыстан қысқартылуына және еңбек құқықтарының бұзылуына жол бермеу үшін әкімдіктер мен кәсіпорындар арасында өндірістік процестерді тұрақтандыру мәселелері бойынша облыста 8000 меморандумдар қабылдады. Бұл облыста әрекет етіп тұрған заңды тұлғалардың 92% құрайды.

Бұл өңірлер арасындағы 5 көрсеткіш.

 

4.Әлеуметтік еңбек саласын цифрландыру жұмыстары жоғары деңгейде жүзеге асырылуда.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен 2019 жылға бекітілген жоспарға сәйкес облыстың 1247 кәсіпорнында 49880 еңбек шарттарын енгізу тиіс болса, бүгінгі күнге облыстың 1157 кәсіпорыны 56 059 еңбек шарттарын енгізді. Яғни, жылдық меже 93 % орындалып отыр.

Бұл өңірлер арасындағы 1 көрсеткіш.

 

  1. Бейресми жұмыспен қамтылған тұлғалардың еңбек қатынастарын заңдастыру жұмыстары туралы айтар болсақ, басқармамен 2018-2019 жылдарға арналған «Еңбек шартын жасайық» атты акциясы жарияланып, еңбек қатынастарын заңдастырмай жүрген тұлғалардың өзектендіру алгоритмі бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Осының нәтижесінде облыстың 63828 тұлғасы өзектендіріліп, 4275 тұлғаның еңбек шарттары жасалынып, заңдастырылды.

 

Ағымдағы жылдың 8 айында облыс аумағында 37 (2018/33) жазатайым оқиға орын алып, 47 (2018/38) адам жапа шекті. Оның 7 (2018/7) адам өлімімен аяқталып, 21 ауыр жарақат, 19 жеңіл жарқат алған.

 

Басқармамен еңбек қатынастарын реттеу және еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігіне байланысты 52 іс-шара ұйымдастырылып, БАҚ беттерінде және әлеуметтік желілерде 92 мақалалар мен түсіндірмелер жарияланып, жергілікті телеарналар арқылы арнайы әзірленген әлеуметтік бейнероликтер көрсетілуде.

Осы бағытта профилактикалық, заңбұзушылықты алдын алу жұмыстары жалғасын табатын болады.