2019 жылдың 4 тоқсанындағы жұмысының негізгі бағыттары туралы түсіндірме жазба хаты  

Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының                  2019 жылдың 4 тоқсанындағы жұмысының негізгі бағыттары туралы түсіндірме жазба хаты  

Тараз қаласы                                  2019 жыл 5 қаңтар  

Құқықтық және әкімшілік шаралар

«Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» КММ-нің (бұдан әрі-Басқарма) мемлекеттік еңбек инспекторларымен 2019 жылдың            4 тоқсанында облыс ұйымдары мен кәсіпорындарында  201  тексерулер жүргізілді, (181 жоспардан тыс, 20 профилактикалық бақылау) (2018 жылы 157 жоспардан тыс, 4 жоспарлы)  (бұдан әрі жақша ішінде 2018 жылдың сол мерзімнің мәліметтері).

Анықталған бұзушылықтардың нәтижелері бойынша жұмыс берушілерге 118 (75) бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Оның 104 (65) еңбек қатынастарына, 14 (9) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға және жұмыспен қамтуға қатысты 0 (1).

Есепті кезеңде заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты 48 (44) әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулылыр шығарылып, 8376682 (6060600)  теңге соммасына әкімшілік айыппұл салынып, 6558682 (5278975) теңге өндірілді.

Жоспарлы шараларды іске асырудың нәтижесінде есепті кезеңде 274 (150) бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде: 207 (109) еңбек қатынастарына, 64 (38) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға және жұмыспен қамтуға қатысты 3 (3). 271 (147) анықталған жалпы еңбек заңнамасының бұзушылықтары жойылды. Оның ішінде: еңбек қатынастары- 205 (106),  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау- 63 (38), жұмыспен қамту              3 (3).

Есепті кезеңде тексеру арқылы 269 (151) азаматтардың жазбаша өтініштері қаралды, оның ішінде еңбек қатынастарына 262 (148), еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға 7 (3).

2019 жылдың соңына дейін басқармаға барлығы 1081 (1040) жеке және заңды тұлғалардан өтініш келіп түсті (651 — жеке және 430 — заңды тұлғалардан), былтырғы жылмен салыстырғанда 4% көп.

Облыстық үшжақты әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және  еңбек қатынастарын реттеу комиссиясының 2015 жылдың 26 мамырдағы отырыстарының №2 хаттамасының негізінде  Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы  еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жай-күйіне 37 (2019 жылдан бері) кәсіпорындарда тоқсан сайын  20 көрсеткіш бойынша мониторинг жүргізеді. Мысалы, ұжымдық шарттың,  жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарының, жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етуі, жалақы бойынша берешегін бақылау, жазатайым оқиғалардың саны және т.б.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ай-сайынғы құрап отыратын кәсіби қауіпті карта бойынша экономикалық, әлеуметтік және еңбек көрсеткіштері бойынша Жамбыл облысының жағдайы (еңбек блогы, әлеуметтік блок және экономикалық блок) 2019 жылдың  қорытындысы бойынша «қалыпты» жағдайды көрсетті.

Жамбыл облысының  өндірістік процесті, еңбек құқығын қамтамасыз ету және қызметкерді жұмысқа орналастыруды тұрақтандыру мәселелері туралы  әкімдік, жұмыс беруші және кәсіподақтар арасындағы меморандумдар жасасу бойынша жұмыстарды жандандыру  қаралды. Бүгінгі күнге облыстық кәсіпорындарда 8263 меморандумдарға қол қойылды (92,7%).

 

Ұжымдық шарттардың қабылдануы

 

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде көрсетілген еңбек ұжымдарында ұжымдық шартты әзірлеу және қабылдау жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы тең құқықтар мен тараптардың мүдделерін құрметтеу, ұжымдық келісімнің мазмұнын құрайтын мәселелерді демократиялық және еркін талқылау, тараптардың міндеттерін ерікті түрде қабылдау, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау болып табылады.

2019 жылдың 1 желтоқсанына 5105   ұжымдық шарттар жасалған.  Оның ішінде 1577 ұжымдық шарттар мемлекеттік мекемелерде, 3528 — жеке субъектілерде. Жамбыл облысында аталған кезеңге әрекет етіп тұрған  мемлекеттік ұйымдардың саны 1588 жеке сектор — 7399. Барлығы 8987. Осылайша, ұжымдық шарттар жасалатын кәсіпорындар мен ұйымдардың көлемі аймақтағы қолданыстағы кәсіпорындар мен ұйымдардың 57% құрайды.

Еңбек қатынастары

 

2019 жылы еңбек қатынастары бойынша 207 заң бұзушылықтар анықталды: жалақы төлеу шарттары бойынша — 22, еңбек демалысының берілмеуі – 12, тәртіптік жазаны артық қолдану — 5 және басқа да бұзушылықтар – 162.        Жыл басынан бері  Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы  прокуратура органдарымен бірлесе 5039 жұмыскерге 823,1 млн.теңгенің жалақы қарызы барын анықтады, жалпы  қабылданған шаралар нәтижесінде, сонымен бірге кәсіпорын басшыларына жалақы бойынша  берешекті  өтеудің қатаң кестесі мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде  жұмыскерлердің құқығы қорғалып, оларға 730 млн. теңге жалақы қарызы өтелді.

Жалақы қарызы бойынша мәселелер жиі басқарма басшысында қаралды және әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссияның отырысында  кәсіпорындары басшыларының есебі тыңдалады.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде облыстық кәсіпорындарда бүгінгі күнге ағымдағы және мерзімі өткен жалақы қарыздары жоқ. 

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 

 

Есепті кезеңде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша 64 заң бұзушылық анықталды. Негізгі себептері: өндіріске байланысты болған жазатайым оқиғаны уақтылы тергеп-тексерілмеуі (жасыру).

2019 жылы облыс ұйымдарында 56 (48) өндірістік жазатайым оқиға орын алып, 71 (60) адам зардап шекті, оның ішінде 14 (10) адам өлімге соқтырған, 29 (24) адам ауыр дәрежедегі.

Жыл басынан 8 (6) топтық жазатайым оқиға орын алып, 23 (18) адам зардап шеккен.

Есепті кезеңде 63 (53) арнайы тергеп-тексеру туралы комиссия құрылып, тексерулер жүргізілді.  Барлық тергеп-тексеру материалдары ішкі істер органдарына жолданған.

Зардап шегушілердің ең көп саны экономика салалары бойынша бюджеттік мекемелерге — 11 адам, химия өнеркәсібіне — 6 адам, тау-кен және металлургия өнеркәсібіне — 8 адамнан және т.б.

Еңбек қатынастары саласында азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, жұмыскерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында, барлық тұрғындардың, әлеуметтік-еңбек қақтығыстарын алдын алу мақсатында кәсіпорындар мен ұйымдарда 1114 (1447) жауапты тұлғалардың білімі тексерілді. 1730 (1319) жұмыс орындардың  175 (174) өндірістік нысандарда аттестациядан өткізілді.

 

Халықты жұмыспен қамту

 

Есепті кезеңде жұмыспен қамту саласында 3 заң бұзушылық анықталған. Бос жұмыс орындары туралы бос жұмыс орындары туралы уәкілетті органға ақпарат берілмеген фактілер бар, мысалы, Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту туралы заңнамасы сақталмаған.

 

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

 

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Өткізілген іс-шаралардың ішінде мыналарды атап өтуге болады:

Нəтижесінде, мемлекттік еңбек инспекторларымен еңбек ұжымдарында еңбек заңнамарының нормаларына сәйкес тиісті түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Атап айтар болсақ, жыл басынан басқармамен, 3457 адамды қамтитын  102 түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, 250-ге жуық арнайы мақалалар бұқаралық ақпарат құралдары беттеріне жарияланды.

 

 

Жамбыл облыс әкімдігінің

еңбек инспекциясы

басқармасы басшысының

орынбасары                                                              Е.Есіркепов

Перейти к верхней панели