Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының 2019 жылдың 2 тоқсанындағы жұмысының негізгі бағыттары туралы түсіндірме жазба хаты  

 

Құқықтық және әкімшілік шаралар

«Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» КММ-нің (бұдан әрі-Басқарма) мемлекеттік еңбек инспекторларымен 2019 жылдың 2 тоқсанында облыс ұйымдары мен кәсіпорындарында  98  тексерулер жүргізілді,(89 жоспардан тыс, 9 ішінара) (2018 жылы 73жоспардан тыс,)  (бұдан әрі жақша ішінде 2018 жылдың сол мерзімнің мәліметтері).

Анықталған бұзушылықтардың нәтижелері бойынша жұмыс берушілерге 56 (39) бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Оның 52 (32) еңбек қатынастарына, 4 (6) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға және жұмыспен қамтуға қатысты 0 (1).

Есепті кезеңде заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты 24 (24) әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулылыр шығарылып, 4279875 (3282825)  теңге соммасына әкімшілік айыппұл салынып,3749625 (3282825) теңге өндірілді.

Жоспарлы шараларды іске асырудың нәтижесінде есепті кезеңде 128 (96) бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде: 97 (60) еңбек қатынастарына, 29 (33) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға және жұмыспен қамтуға қатысты 2 (3). 103 (78) анықталған жалпы еңбек заңнамасының бұзушылықтары жойылды. Оның ішінде: еңбек қатынастары- 86 (52),  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау- 15 (24), жұмыспен қамту 2 (2).

Есепті кезеңде тексеру арқылы 109 (66) азаматтардың жазбаша өтініштері қаралды, оның ішінде еңбек қатынастарына 106 (65), еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға 3 (1).

2019 жылдың 1 шілдесінебасқармаға барлығы 667 (650) жеке және заңды тұлғалардан өтініш келіп түсті (356 (394) — жеке және 311 (256) — заңды тұлғалардан), былтырғы жылмен салыстырғанда 17 өтінішке көп.

Облыстық үшжақты әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және  еңбек қатынастарын реттеу комиссиясының 2015 жылдың 26 мамырдағы отырыстарының №2 хаттамасының негізінде  Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы  еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жай-күйіне 37 (2018 жылы 93 кәсіпорын) кәсіпорындарда тоқсан сайын  20 көрсеткіш бойынша мониторинг жүргізеді. Мысалы, ұжымдық шарттың,  жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарының, жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етуі, жалақы бойынша берешегін бақылау, жазатайым оқиғалардың саны және т.б.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ай-сайынғы құрап отыратын кәсіби қауіпті карта бойынша экономикалық, әлеуметтік және еңбек көрсеткіштері бойынша Жамбыл облысының жағдайы (еңбек блогы, әлеуметтік блок және экономикалық блок) 2019 жылдың наурыз айының  қорытындысы бойынша «қалыпты» жағдайды көрсетті.

2017 жылдың 31 наурызында облыс әкімінің орынбасары Т.А.Жанкенің төрағалығымен облыстық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысында  Жамбыл облысының  өндірістік процесті, еңбек құқығын қамтамасыз ету және қызметкерді жұмысқа орналастыруды тұрақтандыру мәселелері туралы  әкімдік, жұмыс беруші және кәсіподақтар арасындағы меморандумдар жасасу бойынша жұмыстарды жандандыру  қаралды. Бүгінгі күнге облыста  75830 жұмысшыны қамтитын 7401 кәсіпорындарда меморандумдарға қол қойылды (84,3%).

 

Ұжымдық шарттардың қабылдануы

 

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде көрсетілген еңбек ұжымдарында ұжымдық шартты әзірлеу және қабылдау жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы тең құқықтар мен тараптардың мүдделерін құрметтеу, ұжымдық келісімнің мазмұнын құрайтын мәселелерді демократиялық және еркін талқылау, тараптардың міндеттерін ерікті түрде қабылдау, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау болып табылады.

2019 жылдың 1 шілдесіне3998   ұжымдық шарттар жасалған.  Оның ішінде 1544 ұжымдық шарттар мемлекеттік мекемелерде, 2454 — жеке субъектілерде. Жамбыл облысында аталған кезеңге әрекет етіп тұрған  мемлекеттік ұйымдардың саны 1599, жеке сектор — 7182. Барлығы 8781. Осылайша, ұжымдық шарттар жасалатын кәсіпорындар мен ұйымдардың көлемі аймақтағы қолданыстағы кәсіпорындар мен ұйымдардың 45,5% құрайды.

Еңбек қатынастары

 

2019 жылдың 2 тоқсанында  еңбек қатынастары бойынша 97 заң бұзушылықтар анықталды: жалақы төлеу шарттары бойынша — 9, еңбек демалысының берілмеуі – 9, тәртіптік жазаны артық қолдану — 2 және басқа да бұзушылықтар –73.      Жыл басынан бері  Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы  прокуратура органдарымен бірлесе 17 кәсіпорында 4295 жұмыскерге 744,1 млн.теңгенің жалақы қарызы барын анықтады, жалпы  қабылданған шаралар нәтижесінде, сонымен бірге кәсіпорын басшыларына жалақы бойынша  берешекті  өтеудің қатаң кестесі мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде  4113 жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 660,1 млн. теңге жалақы қарызы өтелді.

Жалақы қарызы бойынша мәселелер жиі басқарма басшысында қаралды және әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссияның отырысында  кәсіпорындары басшыларының есебі тыңдалады.

2019 жылдың 1 шілдесінеағымдағы және 3 астам мерзімі өткенжалақы қарызы жоқ.

 

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 

 

Есепті кезеңде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша 29 заң бұзушылық анықталды. Негізгі себептері: өндіріске байланысты болған жазатайым оқиғаны уақтылы тергеп-тексерілмеуі (жасыру).

2019 жылдың 2 тоқсанында облыс ұйымдарында 24 (19) өндірістік жазатайым оқиға орын алып, 31 (20) адам зардап шекті, оның ішінде 5 (2) адам өлімге соқтырған, 15 (8) адам ауыр дәрежедегі.

Жыл басынан 5 (1) топтық жазатайым оқиға орын алып, 12 (2) адам зардап шеккен.

Есепті кезеңде 34 (19) арнайы тергеп-тексеру туралы комиссия құрылып, тексерулер жүргізілді.  Барлық тергеп-тексеру материалдары ішкі істер органдарына жолданған.

Зардап шегушілердің ең көп саны экономика салалары бойынша бюджеттік мекемелерге-8 адам, химия өнеркәсібіне-4 адам, тау-кен және металлургия өнеркәсібіне-4 адамнан және т.б.

Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері зардап шегушінің абайсыздығы, өндірістің дұрыс ұйымдастырылмауы, өндірісті қанағаттанарлықсыз ұйымдастырылмауы.

Еңбек қатынастары саласында азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, жұмыскерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында, барлық тұрғындардың, әлеуметтік-еңбек қақтығыстарын алдын алу мақсатында кәсіпорындар мен ұйымдарда 557 (489) жауапты тұлғалардың білімі тексерілді. 956 (614) жұмыс орындардың  91 (37) өндірістік нысандарда аттестациядан өткізілді.

 

Халықты жұмыспен қамту

 

Есепті кезеңде жұмыспен қамту саласында 2 заң бұзушылық анықталған. Бос жұмыс орындары туралы бос жұмыс орындары туралы уәкілетті органға ақпарат берілмеген фактілер бар, мысалы, Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту туралы заңнамасы сақталмаған.

 

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

 

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Өткізілген іс-шаралардың ішінде мыналарды атап өтуге болады:

2019 жылдың 22қаңтарында Жамбыл облысы әкімі А.Мырзахметовке облыстық еңбек инспекциясы басқармасының 2018 жылы атқарған жұмыстары туралы есеп берілді.

Нəтижесінде, 2019 жылдың1 шілде жағдайы бойынша еңбек заңнамасын түсіндіру мақсатында еңбек ұжымдарымен 42семинар кездесулер өткізіліп, бұл іс-шараларға 1598 қызметкер қатысты. Облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында және сайттарда 64 жарияланым шықты.

 

 

Жамбыл облыс әкімдігінің

еңбек инспекциясы

басқармасы басшысының

орынбасары                                                                                                                             Е.Есіркепов