«Жамбыл Недр»

«Жамбыл Недр» ЖШС-ге жоспардан тыс тексеру бойынша ақпарат.

 Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласында орналасқан «Жамбыл Недр» ЖШС-нің жұмыскерлері Б.Оспанов және Б.Кыдырбаевтың жалақыларының уақытылы төленбеуі жөнінде арыздары бойынша, Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының тарапынан еңбек заңдылығының сақталуына еңбек инспекторымен жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, қорытындысымен жұмыскерлерге 717 294 теңге жалақылары өндіріліп берілді. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 113 бабының 1 тармағын бұзғаны үшін заңды тұлға «Жамбыл Недр» ЖШС-не «Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы» кодексінің 87 бабының   2 тармағына сәйкес 150 АЕК (378 750 теңге) көлемінде — 1 айыппұл салынды.

 

08.10.2019ж.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *