Еңбек инспекциясының 9 ай қорытындысы бойынша есебі

Еңбек қатынастарын реттеу барысында атқарылып жатқан жұмыстардың 9 айлық қорытынды

АҚПАРАТЫ

 

2019 жылдың 1 қазан жағдайына облыстағы жалақы қарыздарының көлемі 403 жұмыскер алдында 49,5 млн теңгені құрайды.

  1. «Жамбыл Недр» кәсіпорынында 144 жұмыскер алдында 32 млн теңге;
  2. «Казводхоз» ШЖҚ РМК Жамбыл филилалында 259 жұмыскер алдында17,5 млн теңге.

«Жамбыл Недр» кәсіпорынында 2019 жылдың 1 шілде жағдайына 60,1 млн теңге жалақы қарызы анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шараға тартылған. Сонымен қатар, кәсіпорын жұмысы бақылауға алынып, орын алған жалақы қарызының 28,1 млн теңгесі өндіріліп берілді. Қазіргі уақытта кәсіпорындағы қаржылық қиындықтарға байланысты 32 млн теңге қалып отыр. Бұл бағытта кәсіпорынның құрылтайшыларымен келіссөздер жүргізіліп, жалақы қарыздарын жабуға бағытталған шаралар қабылдануда.

«Казводхоз» ШЖҚ РМК-да 174 жұмыскер алдында 30,9 млн теңге жалақы қарыздары анықталып, бүгінгі күнге оның 13,4 млн теңгесі өндіріліп берілді. Қалдық 17,5 млн теңгені құрайды. Мемлекеттік кәсіпорында жалақы қарызының орын алу себебі – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінен бөлініп, жаңадан құрылған Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне өтуіне байланысты қайта тіркеу жұмыстары жүргізілуінен болып отыр.

Жалпы жыл басынан бері еңбек инспекциясы басқармасымен  ұзақ мерзім бойы шешімін таппай келген 19 кәсіпорындағы 4454 жұмыскер алдындағы 700,1 млн теңге жалақы қарыздары толығымен өндіріліп берілді.

Одан бөлек, есепті кезеңде басқармаға жеке және заңды тұлғалардан 780 арыз-шағым түсіп, қабылданған шаралар нәтижесінде 1602 жұмыскердің құқықтары қорғалып, 135,2 млн теңге көлеміндегі жалақылары, 262 мың теңге көлеміндегі іссапар шығындары, 866 мың теңге көлеміндегі үстеме ақы, өтемақы, қоса атқарған қызметіне қосымша ақылары өндіріліп берілді.

Ағымдағы жылдың 9 айында облыс аумағында орналасқан кәсіпорындар мен мекемелерде 42 (2018 жылы 40) жазатайым оқиға орын алып, оларда 52 (2018 жылы 45) адам зардап шексе, оның 9 (2018 жылы 8)адам өлімімен аяқталып, 22 ауыр жарақат, 21 орта және жеңіл жарқат алған.

Биылғы жылы жазатайым оқиғалар санының артуы – ол өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде жол-көлік оқиғаларына ұшырап, өндірістік жарқаттанушылыққа шалдыққан тұлғалардың артуынан болып отыр.

Ақпарат ретінде: Жол апатына қатысты 10 (2018 жылы 3) оқиға орын алып, оларда 19 (2018 жылы 3 адам) адам зардап шегіп, 1 (2018 жылы 1 адам) адам қайтыс болған.

Жасалған талдауға сүйенер болсақ, жазатайым оқиғалардың:

— 28,6%-ы (12 оқиға) жұмыскердің өрескел абайсыздығынан;

-35,7%-ы (15 оқиға) жазатайым оқиға жұмыс берушінің жұмысты қанғаттанарсыз ұйымдастыруы салдарынан;

— 23,8 %-ы (10  оқиға) жол-көлік оқиғасынан;

7,1%-ы (3 оқиға) еңбектің қауіпсіз тәсілдерін оқытудағы кемшіліктерден;

4,8  %-ы (2 оқиға) т.б. себептермен  орын алып отыр.

Жазатайым оқиғалардың алдын алу, болдырмау мен жою мақсатында басқармамен жол картасы әзірленіп, жол картаға сәйкес 61 іс-шара (дөңгелек стөлдер, семинар-кеңестер, ашық есік күндері, мастер кластар) ұйымдастырылып, БАҚ беттерінде және әлеуметтік желілерде  117 мақала жарық көрді. Одан бөлек, 1114 жауапты тұлғалардың білімдері тексеріліп, 103 өндірістік нысандар мен 1034 жұмыс орындары аттестациядан өткізілді.

Облыстық үшжақты комиссия отырыстарында жазатайым оқиғаларға жол берген кәсіпорын басшыларының есептері тыңдалып, еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған ұсыныстар берілді.

Еңбек шиеленістері мен наразылық көңіл күй туралы айтар болсақ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан ай сайын өңірлердің еңбек тәуекел картасы жасақталып, талдау жасалынып отырады.Аталған картаның қорытындасы бойынша облыстың еңбек жағдайлары қалыпты жағдайды көрсетіп отыр.

Сол сияқты басқармамен жалақы қарыздары орын алған және туындау қаупі бар кәсіпорындардың тізімі жасақталып, «Ыстық нүкте» картасына енгізіліп, 54 кәсіпорынға ай сайын мониторинг жүргізілуде.

Дегенмен, жекелеген кәсіпорындарда еңбек жағдайына наразалық білдіру фактілері орын алып, қабылданған шаралардың нәтижесінде жағдай тұрақталды.

  1. Меркі-Шу-Бурылбайтал бағытындағы тас жолын жөндеу жұмыстарын атқарып жатқан қытайлық «Синь Синь» компаниясының(ағымдағы жылдың 12 шілдесінде) бір топ жұмыскерлері арасында бұзақылық фактісі орын алып, қазақстандық және қытайлық жұмыскерлер төбелескен. Бұл мәселеге қатысты кінәлі тұлғалар заң талаптарына сай тиісті жауапкершілкке тартылды.

Еңбек инспекторларымен компанияға еңбек заңнамасының сақталуы бойынша тексеру жүргізіліп, анықталған заң бұзушылықтарға сәйкескомпанияға орындалуы міндетті  2 нұсқама 4 әкімшілік шара қолданылды (2 айыппұл, 2 ескерту):

Ақпарат ретінде:

  1. ҚР Еңбек кодексінің 113 бабы 1 және 3 тармағының талаптарын бұзғандықтан, (Жұмыскерлерге а.ж. маусым айына еңбек ақысын уақытылы төлемеген) заңды тұлғаға ӘҚБ туралы ҚР Кодексінің 87 бабы 1 бөлігі бойынша 75750 тг айыппұл салынды (айыппұл төленді).
  2. ҚР Еңбек кодексінің 108 бабының талаптарын бұзғандықтан, (Филиалдың жұмыскерлеріне 2019 жылдың наурыз айынан бастап үстеме жұмыс атқарған уақытына, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде ақы төлемдер жүргізілмеген) ӘҚБ туралы ҚР Кодексінің 87 бабы 3 бөлігі бойынша заңды тұлғаға 75750 тг айыппұл салынды (айыппұл төленді).
  3. «Казфосфат» ЖШС-нің14 жұмыскері (21.06.2019) жыл сайын өтетін медициналық қорытынды нәтижесі бойынша қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істеуге рұқсат берілмеуіне байланысты, атқарып отырған жұмыстарынан босатылуына қарсылық танытып, қалалық әкімдіктен митинг өткізуге рұқсат сұраған. Сонымен қатар, ұжымдық арызбен қайырылған.

Еңбек инспекциясымен тексеріс жүргізіліп, нәтижесі бойынша кәсіпорынмен қолданыстағы заң талаптарының бұзылу фактілері анықталған жоқ.Қазіргі уақытта бұл жұмыскерлер кәсіпорын шешімімен келіспеуіне байланысты сот органдарына жүгініп, мәселе сотта қаралуда.

  1. «Тараз Транс Энерго» кәсіпорынының жұмыскерлері (04.06.2019) кәсіпорын тарапынан жоспарланып отырған қысқартуға (барлығы 52,5 бірлік жұмыскерді қысқарту жоспарланған, оның 2,5 бірлік әкімшілік басқару персоналын, 10 бірлік инженерлік-техникалық персоналын және 40 бос орындар (вакансия)) наразылық білдіріп, әлеуметтік желілерде посттар жариялаған. Қабылданған шаралар нәтижесінде жұмыскерлердіқысқарту туралы мәселе мүлдем жойылып, жұмыскерлердің талаптары орындалды.

Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мен жақсарту бағытында басқармамен жұмыс беруші мен жұмыскердің арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, еңбек адамының әлеуетін арттырып, әлеуметтік қорғалуына бағытталған ұжымдық шарттар, меморандумдар, еңбек шарттарын электронды форматқа ауыстыру және төменгі жалақыны көтеру бағытында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда:

  1. Төменгі жалақыны көтеру жұмыстарына келетін болсақ, облыстың 7821кәсіпорыны 74,1 мың жұмыскердің жалақысын орта есеппен 39,8 мыңнан 50,2мың теңгеге немесе 26,1%-ға көтерді.

Бұл облыста жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың (1 қазан жағдайына облыста жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 8824)88,6% құрайды.

Ақпарат ретінде: 2019 жылдың 9 айында 4297 кәсіпорындағы 6,5 мың жұмыскерлердің жалақысы көтерілді.

2.Ағымдағы жылдың 1 қазан жағдайына облыстың 4794кәсіпорыны немесе әрекет етіп тұрған заңды тұлғалардың 54,3 пайызы ұжымдық шарттармен қамтылды.

Ақпарат ретінде: 2019 жылдың 9 айында 1794 кәсіпорында ұымдық шарт қабылданды.

  1. Жұмыскерлердің жұмыстан қысқартылуына және еңбек құқықтарының бұзылуына жол бермеу үшін әкімдіктер мен кәсіпорындар арасында өндірістік процестерді тұрақтандыру мәселелері бойынша облыста 8230 меморандумдар қабылдады. Бұл облыста әрекет етіп тұрған заңды тұлғалардың 93,2% құрайды.

Ақпарат ретінде: 2019 жылдың 9 айында 4980 меморандум қабылданды.

4.Әлеуметтік еңбек саласын цифрландыру жұмыстары жоғары деңгейде жүзеге асырылуда.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен 2019 жылға бекітілген жоспарға сәйкес облыстың 1247 кәсіпорнында 49669 еңбек шарттарын енгізу тиіс болса, бүгінгі күнге облыстың 1420 кәсіпорын 57921 еңбек шарттарын енгізді. Жоспар 113,9% орындалды.

Ақпарат ретінде: 2019 жылдың 9 айында 973 кәсіпорында 26341 жұмыскердің еңбек шарттары электронды форматқа ауыстырылды.

  1. Бейресми жұмыспен қамтылған тұлғалардың еңбек қатынастарын заңдастыру бағытында үй-үйді аралау барысында анықталған міндетті зейнетақы жарнасы жоқ 63828 тұлғаның, 59553 өзектендіріліп, 4275 тұлғаның еңбек шарттары жасалынып, еңбек қатынастары заңдастырылды.

Есепті кезеңде мемлекеттік еңбек инспекторларымен жоспардан тыс 143 тексерулер ұйымдастырылып, 180 еңбек заңнамасының бұзылу фактілері анықталған. Ол бойынша 77 нұсқама, 19 ескерту түріндегі әкімшілік шара және 34 айыппұл салынған. Салынған айыппұлдың көлемі 5 226 750 теңені құрайды.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, тұрақты бақылауда болады.