Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен өткізіліп жатқан «Еңбек жолы» конкурсының 3 номинациясы бойынша («Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері», «Өндірістің үздік жас маманы»)  Жамбыл облысы атынан қатысып жатқан үміткерлерге  онлайн дауыс беру жүргізіліп жатқандығын хабарлаймыз. Жамбыл облысынан аталған конкурсқа комиссия мүшелерінің шешімімен 3 номинация бойынша үміткерлер іріктеліп алынды, олар: «Үздік …

Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасында «Адалдық сағаты» өтті. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасының тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың 15 қазанында, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасында жалпы республикалық «Адалдық сағаты» іс-шарасын ұйымдастырылып, өткізілді. «Адалдық сағаты» іс-шарасына қатысушылардың тарапынан қойылған сұрақтарына тиісті жауаптар …

Республикалық ағаш отырғызу акциясы

2019 жылдың 12 қазынында Жамбыл облысы бойынша өткізілген Республикалық ағаш отырғызу акциясына облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының ұжымы да белсене атсалысып, өз үлесін қосты.    

Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының қызметкерлері «Достық» алаңындағы қайырымдылық марафонына және облыстық қан орталығында қан тапсыруға қатысты.

«Жамбыл–адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б.Нарбаевтың азаматтарды қабылдауы өтті. Фейсбук желісінің тікелей эфирінде облыс тұрғындарынан еңбек заңнамаларын қолданылуына қатысты көптеген сұрақтарға жауап берілді. Оның ішінде, еңбек шарты жасамай жұмыскердің еңбегін пайдалану, еңбек шартының мазмұнынның сәйкессіздігі, еңбек шартының заңсыз бұзылуы, жұмыс уақыты, еңбек демалысы, жалақының уақытылы төленуі және де тәртіптік …

Еңбек күні 2019 жылдың 26 қыркүйегінде Тараз мемлекеттік университетінің М.Үркімбаев атындағы «Жастар сарайында» Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы ұйымдастырған «Еңбек күні» кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиналыс өткізілді. Іс-шара басталмай тұрып, залда еңбек қатынастары мен қауіпсіздік пен еңбекті қорғау туралы тақырыптық бейнеролик көрсетілді. Салтанатты шараны басқарма басшысы Б.Нарбаев құттықтау сөзімен ашып, «ҚР Еңбек ері» «Шаушен» …

«Жамбыл облысы әкімдігінің  табиғи ресурстар  және табиғат пайдалануды  реттеу басқармасының  Қосқұдық ормандарды және жан-жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» КММ-нің  директорының  іс-әрекетіне  наразы болған жұмыскерлерге Жамбыл облысы  әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б.Нарбаев 2019 жылдың 24  қыркүйек күні Шу ауданына барып еңбек заңнамасының нормаларына түсіндіру  жұмыстарын жүргізіп, жұмыскерлердің  еңбек заңнамасына  қатысты сұрақтарына  жауаптар берілді.

Волейболдан әуесқой командалар арасында «ТҮНГІ ЛИГА» чемпионаты

Ағымдағы жылдың 19 қыркүйекте Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының ұжымы волейболдан әуесқой командалар арасында «ТҮНГІ ЛИГА» чемпионатында кезекті қарсыласы Жамбыл облысының әділет департаментімен ойнады.

2019 жылғы 19 мен 20 қыркүйек күндері, Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы – бас мемлекеттік еңбек инспекторы Б.Нарбаевпен осы басқарманың мемлекеттік еңбек инспекторы Ж.Калиев «Оргстрой» ЖШС-нің филиалы және «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС, «Мыңарал тас компаниясы» ЖШС-де еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға жауапты тұлғалардан емтихан қабылдауға қатысу мақсатында Мойынқұм ауданы, Мирный ауылы мен …