Category «Без рубрики»

Бүгін Талас аудандық әлеуметтік әріптестікпен әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссия отырысы өткізілді. Ауданыдық комиссия отырысына Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспексия басқармасынан басқарма басшысының орынбасары Есіркепов Ернар Серікәліұлы қатысып, еңбек заңнамаларына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, еңбек шиеленістерінің алдын-алу жалақы қарыздарын болдырмау бойынша баяндама жасады.

Өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықаралық әлеуметтік қамтамасыз ету қауымдастығымен  «Нөлдік жарақаттану – Vision Zero»  тұжырымдамасын ілгерілету бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандум жасасты. Құрметті жұмыс берушілер осы Тұжырымдаманы енгізу кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға бағытталған бақылау болып табылады.   …

Ағымдағы жылдың 4 ақпан күні сағат 11.00-де Кәсіподақ үйінде облыс әкімінің баспасөз қызметі мен облыстық Кәсіподақ орталығының ұйымдастыруымен Тараз қаласы, аудан әкімдіктерінің және салалық басқармалардың баспасөз хатшыларына арналған «Қазіргі ақпарат кеңістігі және қоғамдық пікірдің қалыптасуы» және «Жалпы еңбек қоғамы және әлеуметтік-еңбек қатынасының өзекті мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Өткен 2019 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен пилоттық режимде Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі іске қосылып, еңбек шарттарын электронды «E-HR» жүйесіне енгізу жұмыстары басталған болатын. Бұл бағытта Жамбыл облысының 1455 кәсіпорыны 62548 еңбек шарттарын аталған жүйеге енгізіп, өңірлер арасында көш бастады. Бұл жоба азаматтардың өмірін жеңілдетіп қана қоймай, еңбек …

Ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының өкілдері Алматы қаласында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұйымдастыруымен «Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету» тақырыбында семинарға қатысты.

Елордамызда еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлері арасында жыл сайын өтетін республикалық «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Аталған шараға басқарма басшысының уақытша міндетін атқарушы Е.Есіркепов және басқарманың еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің басшысы Б.Молдашев қатысты.

  Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы Елбасы белгілеп берген «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы әлеуметтік саланы дамытуға, оның ішінде  азаматтарымыздың Қазақстан Республикасының Конституцияда көрсетілген еңбек құқықтарын қорғауға ерекше мән беруде. Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, азаматтық сектор өкілдерімен халықтың өзекті мәселелерін талқылау бойынша кездесу өткізілді. Кездесуге облыста тіркеліп жұмыс атқарып …

              Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспециясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Е.Есіркеповке 2019 жылдың ІІІ тоқсанындағы 37 кәсіпорынға жүргізілген мониторинг туралы ақпарат. Әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын  реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссия отырысының хаттамасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының еңбек заңнамасының орындалуын бақылау және еңбек қауіпсіздігін сақтау мақсатында …

Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасында «9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне» арналған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған қарсы күрес жүргізуге бағытталған құқықтық оқыту сағаты ұйымдастырыды. Іс-шараға  Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтінің) Жамбыл облысы бойынша департаментінінің алдын алу басқармасының басшысы Омаров Дәурен Даниярбекұлы арнайы қатысты. Уәкілетті …

2019 жылдың 13 қарашасында Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасында кестеге сәйкес облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы мен және өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен «Facebook» әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирмен облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының міндетін атқарушы Е.Есіркеповпен негізгі атқарылған жұмыстар бойынша 2019 жылдың 10 ай қорытындысы айтылды.

Перейти к верхней панели