2019 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша баяндама

Еңбек қатынастарын реттеу барысында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат

Облыстағы әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы ахуал тұрақты, еңбек шиеленістері ресми тіркелген жоқ.Басқармамен еңбек шиеленістері туындау қаупі бар 54 кәсіпорын бақылауға алынып, ай сайын мониторинг жасалынып отыр.Оның 37 кәсіпорыны еңбек тәуекел картасы шеңберінде 20 критерий(Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бекітілген) бойынша мониторингіленсе, 17 кәсіпорын (бұрын жалақы қарыздары орын алған және ұжымдық арыз-шағымдар болған кәсіпорындар) облыстың «Ыстық нүкте» картасына енгізіліп, тұрақты бақылауға алынған. Одан бөлек, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан ай сайын өңірлердің еңбек тәуекел картасы жасақталып, талдау жасалынып отырады. Аталған картаның қорытындасыбойынша облыстың еңбек жағдайлары жартыжылдық нәтижесімен қалыпты жағдайды көрсетіп отыр. Қазіргі уақытта облыста ағымдағы және мерзімі өткен жалақы қарыздары жоқ, тек оңалту рәсімі қолданылған(«ПроектСтройГаз» 15 жұмыскерге 16,3 млн теңге») және банкротқа ұшыраған («Таразхиммонтаж» 167 жұмыскерге 67,7 млн теңге) 2кәсіпорында182 жұмыскер алдында 84 млн теңге жалақы қарыздары бар.Бұл кәсіпорындар бойынша соттың тиісті шешімдері шыққан, облыстық кірістер департаментіқолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылдауда. Ақпарат ретінде айтар болсақ, жыл басынан бері облыста 19 кәсіпорында 4295 жұмыскер алдында 744,1 млн теңге жалақы қарыздары анықталып, оның 660,1 млн (88,7%) теңгесі өндіріліп, 4113 жұмыскердің құқықтары қорғалды. Қазіргі уақытта Талас ауданында орналасқан «Жамбыл Недр» кәсіпорынында 159 жұмыскер алдында 28,6 млн теңге жалақы қарызы анықталып отыр (маусым және шілде айларына). Жалақы қарызының орын алу себебі, зауыт жұмысы уақытша жөндеу жұмыстарына тоқтауына байланысты болған. Қазіргі уақытта зауыт жұмысын қайта жандандырды, 1 қыркүйекке дейін маусым айының жалақысын толық төлеуді жоспарлап отыр. Шілде айының жалақысы өндірілген өнімді өткізуге байланысты бірінші кезекте жүргізілетін болады.Еңбек инспекторларымен 7 айда жеке және заңды тұлғалардың    667 арыз-шағымдары қаралып,110 тексерулер ашылып, 141 заң бұзушылық фактілері анықталған. Олар бойынша 4 532 375 теңге көлемінде 27 әкімшілік айыппұлдар, 15 ескерту түріндегі әкімшілік шаралар қолданылып, 61 орындалуы міндетті нұсқамалар берілді. Нәтижесінде 605 арызданушының құқықтары қорғалып, қанағаттандырылды. Басқармамен әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу барысында негізгі бас бағыт айқындалып, жоспарлы жұмыстар атқарылуда.

1.Төменгі жалақыны көтеру;

2.Ұжымдық шарттар қабылдау;

3.Меморандумдар қабылдау;

4.Әлеметтік-еңбек саласын цифрландыру;

5.Бейресми жұмыспен қамтылған тұлғалардың еңбек қатынастарын заңдастыру. Төменгі жалақыны көтеру жұмыстарына келетін болсақ, облыстың 5966 (67,9%) кәсіпорыны 71,5 мың жұмыскердің жалақысын орта есеппен 41,4 мыңнан 51,7мың теңгеге немесе 24,1%-ға көтерді. Бұл өңірлер арасындағы 6 көрсеткіш.

Оның ішінде:

91 (95 кәсіпорын / 97%) ірі кәсіпорын 43300 жұмыскерге (64-мемлекеттік);

42 (298 кәсіпорын / 14,1%) орта кәсіпорын 3877 жұмыскерге;

5833 (8407 кәсіпорын / 69,4%) шағын кәсіпорын 24411 жұмыскерге жалақыларын көтерді.

(Орташа номиналды жалақы мөлшері 112,3 мың теңгені құрап, орташа республикалық мөлшерден 33,4 пайызға төмен республика бойынша – 168,5 мың. теңге).

Бұл орайда жұмыс берушілермен жалақы төлеу жүйесін реттейтін 3605 акті қабылданды. Оның ішінде: 1985 бұйрық, 467 ұжымдық шарт, 1134 үшжақты келісімдер, 3 хаттама және 15 ұжымдық шартқа өзгеріс енгізу және бір аумақтық үшжақты келісімдер қабылданған.Бұл өңірлер арасындағы 6 көрсеткіш. 2.Ұжымдық шарттар қабылдаумәселесіне келер болсақ, облыста әрекет етіп тұрған 8819заңды тұлғаның 4353 немесе 49 пайызы ұжымдық шарттармен қамтылды.Бұл облыстар арасындағы 7 көрсеткіш.Ақпарат ретінде: 1552  (97%) мемлекеттік, 2801 (39%) жеке сектордағы кәсіпорындар 3.Жұмыскерлердің жұмыстан қысқартылуына және еңбек құқықтарының бұзылуына жол бермеу үшін әкімдіктер мен кәсіпорындар арасында өндірістік процестерді тұрақтандыру мәселелері бойынша облыста 7452меморандумдарқабылдады. Бұл облыста әрекет етіп тұрған заңды тұлғалардың 84,5% құрайды. Бұл өңірлер арасындағы 5 көрсеткіш.4.Әлеуметтік еңбек саласын цифрландыру жұмыстары жоғары деңгейде жүзеге асырылуда.Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен 2019 жылға бекітілген жоспарға сәйкес облыстың 1247 кәсіпорнында 49669 еңбек шарттарын енгізу тиіс болса, бүгінгі күнге облыстың 1012 кәсіпорыны 55518 еңбек шарттарын енгізді. Яғни, жылдық меже 81 % орындалып отыр. Бұл өңірлер арасындағы 1 көрсеткіш.

  1. Бейресми жұмыспен қамтылған тұлғалардың еңбек қатынастарын заңдастыру жұмыстары туралы айтар болсақ, басқармамен 2018-2019 жылдарға арналған «Еңбек шартын жасайық» атты акциясы жарияланып, еңбек қатынастарын заңдастырмай жүрген тұлғалардың өзектендіру алгоритмі бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Осының нәтижесінде облыстың 63828 тұлғасы өзектендіріліп, 4275 тұлғаның еңбек шарттары жасалынып, заңдастырылды. Ағымдағы жылдың 7 айында облыс аумағында 33(2018/23)жазатайым оқиға орын алып, 43(2018/27) адам жапа шекті. Оның 7(2018/3) адам өлімімен аяқталып, 19ауыр жарақат, 17 жеңіл жарқат алған. Жасалған талдауға сүйенетін болсақ, жазатайым оқиғалардың 33,3%-ы (11 оқиға) жазатайым оқиға жұмыскердің өрескел абайсыздығынан;

 30,3%-ы (10 оқиға) жазатайым оқиға жұмыс берушінің жұмысты қанғаттанарсыз ұйымдастыруы салдарынан;

30,3%-ы (10 оқиға) жол-көлік оқиғасынан;

6,1%-ы (2 оқиға) еңбектің қауіпсіз тәсілдерін оқытудағы кемшіліктерден орын алып отыр.

2 және одан да көп жазатайым оқиға орын алған кәсіпорындар:

  1. «Каратау Про» ЖШС-де 2 жазатайым оқиға орын алып, 1 адам ауыр жарақатпен 1 адам жеңіл жарақатпен зардап шеккен.

  2. «Казфосфат» ЖШС-нің филиалдарында 5 жазатайым оқиға орын алып, 5 адам зардап шеккен.

Оның ішінде:

2.1. «Казфосфат» ЖШС-нің Тараз қалалық филиалы «Минералды тыңайтқыштар» – 2 жазатайым оқиға орын алып, 2 адам ауыр жарақатпен зардап шеккен.

2.2. «Казфосфат» ЖШС-нің Тау-кен өңдеу кешені «Қаратау» – 2 жазатайым оқиға орын алып, 1 адам ауыр жарақатпен, 1 адам жеңіл жарақатпен зардап шеккен.

2.3. «Казфосфат» ЖШС-нің ЖЖФЗ (НДФЗ) филиалында 1 адам ауыр жарақатпен зардап шеккен.

3.«ҚТЖ» АҚ-ның – филиалдарында 3 жазатайым оқиға орын алып, 4 адам зардап шеккен.

Оның ішінде:

2 адам ауыр жарақатпен және 2 адам жеңіл жарақатпен зардап шеккен.

«Алтыналмас» АҚ-да – 2 жазатайым оқиға орын алып, 1 адам ауыр жарақатпен зардап шегіп, 1 адам қайтыс болған. Жыл басынан бері 6 топтық жазатайым оқиға орын алып, 16 адам зардап шеккен.

Оның ішінде: 9 адам жеңіл жарақатпен 7 адам ауыр жарақатпен зардап шеккен.

  1. «Halyk Инкассация» ҚХБ еншілес ұйымында – 1 жазатайым оқиға орын алып, 1 адам ауыр, 1 адам жеңіл жарақатпен зардап шеккен.

  2. Тараз қалалық «Амангелді газ өңдеу зауыты» ЖШС-нің филиалында – 1 жазатайым оқиға орын алып, 2 адам ауыр жарақатпен зардап шеккен.

  3. «Жамбыл облысы бойында экология департаменті» РММ-де – 1 жазатайым оқиға орын алып, 2 адам ауыр, 2 адам жеңіл жарақатпен зардап шеккен.

  4. «Тараз Құрылыс Инвест» ЖШС-де 1 жазатайым оқиға орын алып, 2 адам ауыр жарақатпен зардап шеккен.

  5. «ЖЗМК-Имсталькон» ЖШС-де 1 жазатайым оқиға орын алып, 4 адам жеңіл жарақатпен зардап шеккен.

  6. «ҚТЖ» АҚ-ның «Жүк тасымалдау» Жамбыл облыстық филиалыда – 1 жазатайым оқиға орын алып, 2 адам жеңіл жарақатпен зардап шеккен. Басқармамен еңбек қатынастарын реттеу және еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігіне байланысты 52 іс-шара ұйымдастырылып, БАҚ беттерінде және әлеуметтік желілерде 92 мақалалар мен түсіндірмелер жарияланып, жергілікті телеарналар арқылы арнайы әзірленген әлеуметтік бейнероликтер көрсетілуде.