2019 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша баяндама

Құрметті Нұржан Сәбитұлы,

Құрметті әріптестер!

 

Бүгінгі таңда Жамбыл облысы бойынша жалпы жалақы қарызының көлемі 577 жұмыскер алдында 173,7 млн теңгені құрайды. Слайд №1 Оның:  Ағымдағы қарыздар – 293 жұмыскер алдында 37,1 млн теңге;Мерзімі өткен қарыздар – 102 жұмыскер алдында 52,6 млн теңге;Банкрот және оңалту рәсімі қолданылған кәсіпорындардағы жалақы қарызы – 182 жұмыскер алдында 84 млн теңге.Жыл басынан бері Еңбек инспекциясы басқармасы прокуратура органдарымен бірлесіп, 15 кәсіпорында 3939 жұмыскер алдындағы 552,1 млн теңге жалақы қарыздарын анықтап, оларды толығымен өндірді.   Слайд №2 Оның ішінде:Ағымдағы қарыздары бар 5 кәсіпорындағы 839 жұмыскер алдында 57,3 млн теңге жалақы қарыздары өтелді;Мерзімі өткен жалақы қарыздары бар 7 кәсіпорындағы 3079 жұмыскер алдындағы 172,1 млн теңге жалақы қарыздары өтелді.Банкрот және оңалту рәсімі қолданылған 3 кәсіпорындағы 21 жұмыскер алдындағы 322,7 млн теңге өндірілді (оның ішінде: «Подгорный» АҚ 2 жұмыскер алдындағы 1,9 млн теңге өндірілді, ал «Аль-Басар» ЖШС-гі 19 жұмыскер алдындағы 316,1 млн теңге жалақы қарыздары ҚР Жоғарғы сотының шешімімен толығымен жойылды және «ПроектСтройГаз» ЖШС жалақыны өтеу жоспарына сәйкес жүзеге асырылуда, жоспар асырып орындалуда ).Аталған жұмыстарды атқару барысында еңбек инспекторларымен 71 заң бұзушылық фактілері анықталып,     3,7 млн теңге көлемінде айыппұлдар салынып, орындалуы міндетті 39 нұсқамалар берілді.Сонымен қатар, басқарма жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аталған жалақы қарыздарының қысқа мерзім ішінде өндірілуін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қабылдады.Атап айтқанда:Басқармамен барлық аудандардағы жалақы қарыздары орын алған және жалақы қарыздары туындауы мүмкін кәсіпорындарда профилактикалық, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Барлық ауданда әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия отырыстары ұйымдастырылды. Еңбек ұжымдарында жұмыскерлермен кездесулер ұйымдастырылып, тиісті түсіндірмелер берілді. Дегенмен, бірқатар кәсіпорындардағы жалақы қарыздары бүгінгі күнге дейін өтелмей отыр. Бұл орайда басқарма өзіне заңмен белгіленген құзырет шеңберіндегі жұмыстарды толығымен атқарды деуге болады.Мәселен, Тараз қаласындағы «Энерджи Тараз» кәсіпорынында 61 жұмыскер алдындағы 24,2 млн теңге жалақы қарызын өтеу мәселесі өз шешімін таппай отыр. Бұл орайда, кәсіпорын директоры болған Н.Күздікбаев ағымдағы жылдың   15 наурызында өткен облыстық үшжақты комиссия отырысында жалақы қарызын 1 мамырға дейін толық өтейтіндігі туралы міндеттеме алып, ол туралы ресми хат та берген болатын.Одан бөлек, Тараз қаласы әкімдігі тарапынан да бұл бағытта қандайда-да бір жұмыстар атқарылып жатқандығы белгісіз…ҚР еңбек Кодексінің 18 бабына сәйкес еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселесі жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде екендігі айқындалған.Тараз қаласы әкіміне ағымдағы жылдың 30 сәуірі күні «Энерджи Тараз» ЖШС-де орын алған жалақы қарызы бойынша еңбек шиеленістерін болдырмау және тиісті шара қабылдау туралы хат жолданған, алайда, хат әкімдіктің үшжақты комиссиясының бақылауына алынып, тиісті жұмыстар атқарудың орнына «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-не қарастыру үшін жолданған…Осы орайда,  «Энерджи Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысының келісімі бойынша жалақы қарыздарын өтеу кестесін әзірлеп, мәселені қатаң бақылауда ұстап, тиісті шаралар қабылдау үшін Тараз қаласы әкімдігіне тапсырма беруіңізді (хаттамаға енгізуіңізді) сұраймын.Бұл орайда, атқарылып жатқан жұмыстар мен қабылданатын шаралар туралы кәсіпорын құрылтайшысы мен Тараз қаласы әкімі орынбасарының есептерін тыңдауды ұсынамын.

«Энерджи Тараз» ЖШС-нің құрылтайшысы А.Омарованың есебі;

          Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қ.Сартайдың есебі.

       Жалақы қарызы орын алған «Жаңатас Су жылу» ШЖҚ КМК-да 180 жұмыскер алдында 9,061 млн теңге жалақы қарызы орын алып отыр.

          Мемлекеттік еңбек инспекторымен кәсіпорынға 252 500 теңге көлемінде айыппұл салынып, орындалуы міндетті нұсқама берілді, ауданда болған үшжақты комиссия отырысында кәсіпорын директорының есебі тыңдалып, тиісті тапсырмалар берілді.

          Бұл кәсіпорын бюджеттен қаржыландырылатындығына қарамастан, бүгінгі таңда жалақы қарыздарын толық өтеу мәселесі шешімін таппай отыр.

          Осыған сәйкес Нұржан Сәбитұлы, Сізден Сарысу ауданының әкімдігіне кәсіпорынның жалақы қарыздарын толық өтеу мақсатында бюджеттен қаржы қарастыру мәселесін тапсыруыңызды (хаттамаға енгізуді) сұраймын.

          Ал, жалақы қарыздарының қалыптасу себебі мен оны жоюға бағытталған жұмыстардың барысы бойынша кәсіпорын директоры мен Сарысу ауданы әкімінің орынбасарының есептерін тыңдауды ұсынамын.

«Жаңатас Су Жылу» МКҚК директоры Б.Қаныбековтың есебі;

Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Б.Омарбектің есебі.

Жалақы қарызы орын алған келесі кәсіпорын «Меркі асыл тұқымды қой зауыты» АҚ-да 52 жұмыскер алдында 3,8 млн теңге жалақы қарыздары бар.

Еңбек инсекторымен кәсіпорынға 126 500 теңге көлемінде айыппұл салынып, орындалуы міндетті нұсқама берілді.

          Аудандық үшжақты комиссия отырысында кәсіпорын президентінің есебі тыңдалып, ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін жалақы қарызын толығымен жою туралы міндеттемесі алынды. 6 мамыр күні кәсіпорын жалақы қырызының бір бөлігі 1,2 млн теңгесін төледі.

          Бұл орайда, кәсіпорын президенті мен Меркі ауданы әкімі орынбасарының есептерін тыңдауды ұсынамын.

«Меркі асыл тұқымды қой зауыты» АҚ Президенті – М.Расиловтың есебі;

Меркі ауданы әкімінің орынбасары – М.Қасымның есебі.

Келесі жалақы қарызы бар Мойынқұм ауданында орналасқан «ACIG» АҚ-да 97 жұмыскер алдында 52 млн теңге жалақы қарызы бар.

Бұл кәсіпорынға қатысты ағымдағы жылдың 2 мамыры күні өзіңіздің және Қазақстан инвестициялық қоры АҚ өкілдерінің, басқа да құзырлы органдардың қатысуымен кездесу өткен болатын. Кездесу қорытындысымен Мойынқұм ауданы әкімдігіне прокуратура органдарымен бірлесіп, Қазақстандық инвестициялық қорының «ACIG» АҚ-ның 178 жұмыскеріне 60 млн теңге жалақы қарызын төлеп бергендігін растайтын құжат алдырту тапсырылған болатын. Бүгінде бұл мәселе шешімін таппай отыр. Осыған сәйкес, Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары Б.Қалымбетовтың есебін тыңдауды ұсынамын.Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары Б.Қалымбетовтың есебі. Құрметті комиссия мүшелері, күн тәртібіне енгізілген ағымдағы жұмыстарға көшейік…

Ағымдағы жұмыстар бойынша барлығы 5 мәселе енгізілген.

1.Ұжымдық шарттар қабылдау:

 Бұл бағытта аудандар мен Тараз қаласы әкімдеріне жұмыскерлердің әлеуметтік-еңбек жағдайларын арттыруға бағытталған ұжымдық шарттар қабылдау бойынша жоспар бекітіліп, аудандар мен Тараз қаласы әкімдеріне жеткізілген болатын.

Статистикалық ақпараттарға сүйенер болсақ, ағымдағы жылдың 1 қаңтары жағдайына облыстағы қабылданған ұжымдық шарттардың саны 3303-ті құрап, облыста әрекет етіп тұрған заңды тұлғалардың 39 %-ын құраған болатын. Ал, 1 ақпан жағдайына 800 ұжымдық шарттың мерзімдері өтуіне байланысты, есептен шығарылып, 2503 бірлікке төмендеген.

1 мамыр жағдайына атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ұжымдық шарттардың саны 3621-ге жеткізіліп, немесе әрекет етіп тұрған заңды тұлғалардың 42%-ын құрап отыр. Бұл жерде жыл басында әрекет етіп тұрған заңды тұлғалар саны 8467 болса, бүгінгі күнге 8693 бірлікті құрап отыр. Яғни, 226 бірлікке артқан.

Бұл орайда, берілген тапсырмаға тиісінше көңіл бөліп, жоғары жауакершілікпен жұмыс атқарған Шу ауданы (92%-), Байзақ ауданы (82%) және Меркі ауданы (81%) жұмыстарын атап өткен жөн.

Ал, ең төмен көрсеткіш Тараз қаласына тиесілі болып отыр. Қабылданған ұжымдық шарттардың үлесі 22%-ды ғана құрайды.

Сол сияқты, Мойынқұм ауданы бойынша 42%, Жамбыл ауданы бойынша 44%-ға орындалып отыр.

Сонымен қатар, бұл жұмыстарды Т.Рысқұлов (51%), Қордай және Сарысу аудандары (58%-дан) жандандырулары тиіс. Слайд №3 Төменгі жалақыны көтеру бойынша:

Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ атты жолдауында ең төменгі жалақыны 1,5 есеге арттыру туралы тапсырма берілген.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төменгі жалақыны көтеру бойынша облыстың 17870 кәсіпорында 95234 жұмыскердің жалақысын көтеру бойынша жұмыс жасауды тапсырған болатын.

Бұл орайда, облыстың 4276 кәсіпорында 69,2 мың жұмыскердің жалақысы орта есеппен 44,2 мыңнан 53,6 мың теңгеге немесе 21,2% -ға көтерілді.Соның ішінде 95 ірі кәсіпорынның 91-і (95,8%) 43 мыңнан астам (43300) жұмыскердің жалақысын көтеріп отыр. Бұл өңірлер арасындағы 3-ші көрсеткішке ие.Қалған 4 ірі кәсіпорынның біреуі «Алтыналмас» АҚ Алматы облысына қайта тіркелген, «ҚТЖ» АҚ ҰК қарасты «Жолаушы тасымалы», «Жүк тасымалы» және «Қамқор лакомотив» кәсіпорындары бас компанияларының Астана қаласында орналасуына орай, орталықтандырылған шешім қабылдайтындықтарын жеткізген.Бұл жұмыстарды атқаруда Шу ауданы 93,8 пайызға, Сарысу ауданы 92,4 пайызға және Мойынқұм ауданы 72%-ға орындағандығын атап өткен жөн.Ал, ең төменгі көрсеткішткішті Тараз қаласы 6,5%-ға, Жуалы және Талас аудандары 10,3%-дан, Меркі ауданы 14,8%-ға, Жамбыл ауданы 19,4%-ға, Байзақ ауданы 27,1%-ға, Т.Рысқұлов ауданы 43,7%-ға, Қордай ауданы 47,8%-ға орындап отыр.Осы орайда, Нұржан Сәбитұлы, төменгі жалақыны көтеру бойынша жұмыстарды жандандыру мақсатында Сізден аудандар мен Тараз қаласы әкімдіктеріне тиісті хаттамалық тапсырма беруіңізді сұраймын.

  1. Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру бойынша:

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында пилоттық режимде енгізіліп отырған әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру барысында тиісті жұмыстар атқарылуда.

Министрліктің талдамасымен 1 тоқсан қорытындысы бойынша Жамбыл облысы бұл бағытта республика көлемінде бірінші орынға ие.

Бірінші тоқсанда аудандар толығымен жоспарды артығымен орындады. Алайда, Тараз қаласы әкімдігі бекітілген жоспарды 25%-ға ғана орындады (аудандардың жоспарды артығымен орындауының нәтижесінде облыстық жоспар орындалды).  Ал, екінші тоқсанның жоспары бойынша Шу, Байзақ және Тараз қаласы әкімдіктері ең төмен көрсеткішке ие болып отыр.Осыған сәйкес аудандар мен Тараз қаласы әкімдіктері екінші тоқсанға бекітілген жоспарды орындауға бағытталған шаралар қабылдаулары тиіс.Нұржан Сәбитұлы, хаттамаға енгізіп, тиісті тапсырма беруіңізді сұраймын.

4.Келесі мәселе, бейресми жұмыспен қамтылған тұлғалардың еңбек қатынастарын заңдастыру бағытындағы жұмыстарға қатысты. Бұл орайда, басқармамен «Еңбек шартын жасайық» атты 2018-2019 жылдарға арналған облыстық акция жарияланған, жергілілікті атқарушы органдардың алгоритмі әзірленіп, бекітілген, осы алгоритмге сәйкес үй-үді аралау барысында анықталған 63828 міндетті зейнетақы жарнасы жоқ тұлғалармен жұмыс атқарылып, олар толығымен өзектендірілді. Яғни, 4849 тұлғаның еңбек қатынастары заңдастырылып, еңбек шарттары жасалынды, қалған 58979 тұлғалар тиісті санаттарға ауыстырылды (жеке кәсіпкер ретінде тіркелді, өзіні өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар және т.б.).Дегенмен, бұл бағытта шешімін таппаған мәселелер жоқ емес, атап айтар болсақ, барлықтарыңызға белгілі тойханалар мен кафе-ресторандарда, ауыл шаруашылығы жұмыстарына тартылатын маусымдық жұмыскерлер мен жұмыс берушілер арасында еңбек шарттары жасалынбайтындығы белгілі.Бұл орайда, еңбек инспекциясы басқармасы да, кірістер департаменті де, прокуратура органдары да бұл мәселені тергеп-тексеруге құзыреті шектеулі болып отыр.Сол себептен, бүгінгі үшжақты комиссия отырысында 2018 жылғы 28 наурыздағы Жамбыл облысының әкімдігі,  «Жамбыл облысының Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі және Жамбыл облысының Кәсіпкерлер Палатасы арасындағы 2018−2020 жылдарға арналған КЕЛІСІМІНЕ мынадай толықтыру енгізуді ұсынымын:Келісімнің 5 бөлімінің 5.9-1 тармағы: «Жамбыл облысының Кәсіподақтар орталығы, салалық кәсіподақ ұйымдары, жоғарғы кәсіподақ ұйымдары облыстың кәсіпорны, ұйым, мекемелерінде еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға құқылы» деген сөздермен толықтыру.Бұл туралы облыстық кәсіптік одақтарымен жазбаша түрде келісімі алынды, сол себептен комиссия мүшелерінен осы ұсынысты қолдауларын сұраймын5.Құрметті әріптестер, ендігі кезекте өндірістік процесті, еңбек құқығын қамтамасыз ету және қызметкерді жұмысқа орналастыруды тұрақтандыру мәселелері туралы әкімдік, жұмыс беруші және кәсіподақтар арасындағы меморандумдарды қабылдау мәселесі жақында ғана облысқа жұмыс сапарымен үкіметтік комиссияны бастап келген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен жиында Жамбыл облысында қабылданған меморандумдар санының төмендігі аталып өтіп, бұл жұмыстарды жандандыру тапсырылған болатын.Ақпарат ретінде айтар болсақ,  облыста әрекет етіп тұрған 8693 кәсіпорынның 2844-ы немесе 32,7 пайызы ғана меморандумдар қабылдаған.Осыған сәйкес, Нұржан Сәбитұлы, аудандар мен Тараз қаласы бөлінісінде меморандумдар қабылдау жоспарының жобасы ұсынылып отыр, жоспарды қолдап, бекітуіңізді және аудандар мен Тараз қаласы әкімдіктеріне орындау үшін тапсыруыңызды сұраймын. Слайд №6

Назарларыңызға рахмет, күн тәртібіне енгізілген мәселелер толығымен қаралды.