28 сәуір – «Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні!»

28 сәуір – «Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні!»

Халықаралық еңбекті қорғау ұйымы қалыптасқан дәстүр бойынша 28 сәуір күні еңбекті қорғау күнін атап өтеді.

Бұл мәселенің тарихына үңілер болсақ, дүниежүзілік еңбекті қорғау мәселесі 1989 жылдан бастау алады.

         Осыдан 31 жыл бұрын АҚШ пен Канаданың кәсіподақтары мен жұмыскерлері өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қайтыс болғандарды еске алу акциясын өткізіп, сол арқылы көпшіліктің назарын еңбекті қорғау саласындағы мәселелерге көңіл бұруды көздеген болатын.

         Ал, 2003 жылдан бастап халықаралық еңбекті қорғау ұйымымен ресми түрде 28 сәуір дүниежүзілік еңбекті қорғау күні деп жарияланды.

         Осы шара арқылы халықаралық ұйым бүкіл дүниежүзі қауымдастығының көңілін туындап отырған проблемаға аудару, еңбекті қорғау мәдениетін қалыптастыру арқылы, жұмыс орындарындағы адам өлімі мен өндірістік жарақаттанушылықты барынша азайтуға бағытталған шаралар қабылдауға жұмыс берушілерді шақырды.

         Халықаралық ұйымның статистикасына көз жүргіртер болсақ, әлем бойынша күніне өзінің еңбек міндеттерін орындау кезінде 6300 адам жазатайым оқиға мен кәсіби аурудан қаза табады.

Жылына 2,3 млн адам жазатайым оқиғалар мен өндірістік кәсіби ауруларға шалдығып, оның 317 мыңы жазатайым оқиғадан, 1,7-2 млн жұмысына байланысты кәсіби аурулардан көз жұмады екен.

Облыстағы өндірістік жарақаттанушылық пен жазатайым оқиғаларға келер болсақ, 2019 жылдың қорытындысы бойынша             54 жазатайым оқиға орын алып, оларда 69 адам зардап шекті, оның             26-сы жеңіл, 29 ауыр жарақат алған, ал 14-і адам өлімімен аяқталған.

         Ақпарат ретінде атар болсақ:

— 27,8%-ы (15 оқиға) жұмыскердің өрескел абайсыздығынан;

-38,9%-ы (21 оқиға) жазатайым оқиға жұмыс берушінің жұмысты қанғаттанарсыз ұйымдастыруы салдарынан;

— 24,1 %-ы (13  оқиға) жол-көлік оқиғасынан;

-5,6%-ы (3 оқиға) еңбектің қауіпсіз тәсілдерін оқытудағы кемшіліктерден;

-3,7  %-ы (2 оқиға) т.б. себептермен  орын алып отыр.

Еңбек инспекциясы басқармасымен жазатайым оқиғалар мен өндірістік жарақаттанушылықты болдырмау мен оның алдын алу бағытталған жол картасы әзірленіп, осы картаның аясында еңбек қауіпсіздігіне қатысты   69 іс-шара (10-ашық есік, 56-семинар кеңестер, 3-мастер класстар) ұйымдастырылып, 250 мақалалар мен ақпараттық посттар (әлеуметтік желілер мен ресми сайт арқылы-75, БАҚ беттерінде 75, телеарналар арқылы-6, билбордтар мен ЛЭД экрандар арқылы-45) жарияланды.

Жұмыс берушілердегі еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты 1114 адамдардың білімдері тексеріліп, еңбек қауіпсіздігіне жауапты 2271 қызметкерге еңбек қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

         Қазіргі уақытта облыстың ірі кәсіпорындарында өндірістік жарақаттанушылықты барынша төмендету мақсатында «Халықтық бақылау» және «Нөлдік жарақат – Vision Zero» тұжырымдамаларын енгізуге бағытталған түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

         Жалпы, қауіпсіз еңбек туралы мәселе қозғалғанда бірінші кезекте өндіріске жаңа сандық технологияларды енгізу, автоматтандыру, халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мәселелерін шешу қажеттілігі туындайды.

Бұл туралы – Елбасының  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында аталып өткендігі белгілі.

Одан бөлек, өндірістік жарақаттанушылық пен жазатайым оқиғалардың алдын алудың бір жолы — Дүниежүзілік еңбекті қорғау ұйымы ұсынған (OHSAS 18001:2007, ГОСТ 12.0.230-2007) халықаралық еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттарын облыс кәсіпорындарында енгізу (қазіргі таңда облыстың 103 кәсіпорнында енгізілген) жұмыстарын жандандыру болып табылады. 

Ата заңымыз конситуцияда мемлекеттің ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі екендігі айтылған.

Олай болса, барлық жұмыс берушілерді еңбек заңнамасын ұстана отырып, жұмыскерлерге қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастырып, жазатайым оқиғалар мен өндірістік жарақаттанушылыққа жол бермеуге бағытталған пәрменді шаралар қабылдауға шақырамын.

Сонымен бірге, елімізде коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдайға байланысты көптеген жұмыскерлердің карантиндік режимде қиыншылықтарға тап болып отырғандығын ескеріп, жұмыс берушілерге жұмыскерлердің еңбек құқықтарының сақталуына және әлеуметтік тұрғыда қорғалуына барынша ықпал ету шараларын қабылдауға шақырамын.

Еңбек инспекциясының басшысы,

Бас мемлекеттік еңбек инспекторы                                   Қ.Досаев

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Перейти к верхней панели