Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспециясы

басқармасы басшысының міндетін атқарушы

Е.Есіркеповке

2019 жылдың ІІІ тоқсанындағы 37 кәсіпорынға жүргізілген мониторинг туралы ақпарат.

Әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын  реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссия отырысының хаттамасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының еңбек заңнамасының орындалуын бақылау және еңбек қауіпсіздігін сақтау мақсатында 37 кәсіпорындарға мониторинг жүргізілді.

Осы келісім негізінде өндіруші кәсіпорындар тоқсан сайын еңбек заңнамасының кәсіпорындарында орындалу жағдайларын қадағалау және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттарына сәйкестігін бақылайтын 20 тармақ бойынша ақпарат беріледі. Мониторинг нүктелерінің әрқайсысы үшін кәсіпорындардың оң немесе теріс динамикасын егжей-тегжейлі талдау жүргізіледі. Мысалы: ұжымдық шарттардың жасалуы, қызметкерлердің жазатайым оқиғалардан сақтандыру, жеке қорғаныс құралдарын беру, еңбек ақы берешегін қалыптастыру, меморандумдар, оқыту мен қызметкерлердің білімін тексеруы және міндетті зейнетақы аударымдары мен әлеуметтік аударымдар туралы ақпараттардың көрсеткіші.

 

2015 жылдан бастап жеке кәсіпкерлік субъектілеріне  жоспарлы тексерулер тоқтатылғанына байланысты ҚР Еңбек Кодексінің 17 бабына  сәйкес,  еңбек қатынастарының сақталуын бақылауда ұстау мақсатында 2015 жылдың  I тоқсанынан бастап мониторинг жүргізілетін кәсіпорындардың  саны 106 жеткізіліп, зерделеу жұмыстары  жүргізілуде.

Мониторинг жүргізілетін 37 кәсіпорындардың ішінде еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жай-күйіне ағымдағы жылдың ІІІ-тоқсанында барлық  кәсіпорындар басқарма басшысы бекіткен 20 көрсеткіш бойынша ақпараттар тапсырылды.

Көрсеткіштер бойынша;

2- тармақ

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау инспекторлары 35 кәсіпорындарда қарастырылып, қалған 2 кәсіпорында «Арматурный Таразский завод» және «Шу-Сервис» ЖШС-де қарастырылмаған.

3- тармақ

Мониторинг бойынша кәсіпорындарда 27 мыңнан астам жұмыскерлер жұмыс атқарады, оның ішінде 7300 әйел қызметкерлері.

4- тармақ

Зиянды жағдайларда жұмыс істейтін қызметкерлердің саны 9 мыңнан астам, оның ішінде 1245 әйел адамдар.

5-тармақ

Ақпарат жинақталған 37 кәсіпорын жұмыскерлер алдында жалақы қарыздары жоқтығын көрсетіп отыр.

6- тармақ

Мониторинг жүргізілген 37 кәсіпорынның 28 кәсіпорынында ұжымдық шарттары бар болса,  ал 9 кәсіпорында ұжымдық шарт  жасалмағандығы анықталды.

Олар: «Арматурный Таразский завод» ЖШС, «Алтыналмас» АҚ, «Шу-Сервис» ЖШС, «Тараз металлургиялық заводы» ЖШС, «ЕвроХим-Удобрения» ЖШС, «Еврохим-Каратау» ЖШС, «Меркі қант зауыты» ЖШС, «АГПЗ» ЖШС, «Тараз қант зауыты» ЖШС.

7-тармақ

Берілген ақпараттарға сәйкес 8 кәсіпорындарда жазатайым оқиға орын алмаған.

Олар: «Запчасть», «Арматурный Таразский завод», «Тараз химиялық паркі», «Шу-Сервис», «Жасыл Жуалы», «Еврохим Удобрения», «Жамбыл аудандық орталық аурухана», «Тараз қант зауыты».

8-тармақ

Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау жөніндегі жұмысын жақсартуға бағытталған іс-шаралар жоспары 37 кәсіпорында жоспарланып орындалу жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатыр.

9-тармақ

Жұмысшыларды арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да ЖҚҚ-мен «Шу Сервис» ЖШС-де қамтамысыз етілмеген.

10-тармақ

Ережелер мен нормалардың талаптарына сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қызметкерлердің білімі мен біліктілігі «Шу Сервис» ЖШС-де сынақтан өткізілмегендігі анықталды.

11-тармақ

Халықаралық және ұлттық қауіпсіздік және денсаулық сақтау стандарттары 5 кәсіпорындарда енгізілмеген.

Олар: «Арматурный Таразский завод», «Шу Сервис», «Ғимарат Темірбетон», «Жаслы Ел-Тараз», «Жамбыл аудандық орталық аурухана».

12-тармақ

Зерттеудің зертханалық әдістерімен еңбек жағдайлары бойынша зертханалық әдістермен еңбек жағдайлары бойынша ұйымның өндірістік нысандары аттестаттаудан өтпеген кәсіпорындар саны 3.

Олар: «Тараз химимялық паркі», «Шу Сервис», «Жасыл Жуалы».

13-тармақ

5 кәсіпорындарда шетелдік жұмыс күшін тарту қарастырылған.

Олар: «Запчасть», «Арматурный Таразский завод», «Алтыналмас», «Шу аудандық орталық ауруханасы», «Амангелді газ өндіруші зауыты».

14- тармақ

Мониторинг бойынша «Шу Сервис» ЖШС-де жазатайым оқиғадан жұмысшыларды сақтандыру жұмыстары жүргізілмегендігі анықталды.

15 – тармақ

Жұмыс берушінің кінәсінен жұмыскерлер жай (простой) жұмысқа ауысу мына 2 кәсіпорындарда бар.

Олар: «ЖЭЖ» және «Жамбыл аудандық орталық аурухана».

16- тармақ

Мониторингтен 5 кәсіпорында  33 жұмыскердің  жұмыс уақыты толық емес екені анықталды.

Олар: «Запчасть», «Арматурный Таразский завод», «Меркі қант зауыты», «ЖЭЖ», «Жамбыл аудандық орталық ауруханасы».

17- тармақ

Жұмыс орнының  қысқаруы туралы ақпарат анықталмаған.

18-тармақ

Өндірістік қауіпсіздік кеңесі мына кәсіпорындарда қарастырылмаған:

Олар: «Жасыл Ел-Тараз», «Тараз қалалық жедел жәрдем станциясы», «Жамбыл магистральдық жүйесі», «Арматурный Таразский завод».

19-тармақ

Техникалық инспекторлар мына төмендегі кәсіпорындарда қарастырылмаған.

Олар: «Шу Сервис», «Ғимарат Темірбетон», «Таразэнергоцентр», Таразтрансэнерго».

20-тармақ

Міндетті зейнетақы аударымы және әлеуметтік аударымды мониторинг жүргізілітен 37 кәсіпорын аударатындықтарын көрсетіп отыр.

 

 

Мониторинг және құжаттама

бөлімінің басшысы                                                    Е.Туребеков

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған