Облыс әкімі Асқар Мырзахметов Үкімет отырысында «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасы» бойынша баяндама жасап, ол бірауыздан қолдау тапқан болатын.
Осы орайда, аталған жоба бойынша тұрғындардың ұсыныстарын ескере отырып, халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған 5 бағыт қарастырылып отыр:
Бірінші – үй іргесіндегі жерлерді тиімді пайдалану; Екінші – үй ауласында мал және құс өнімділігін арттыру;
Үшінші – ауыл сыртындағы пайлық үлес жерлерді ұтымды пайдалану, сол арқылы жем-шөп, жайылым мәселесін шешу;
Төртіншісі – қосалқы шаруашылықтардың тиімділігіне қол байлау болып отырған мәселелерді кооперативтер арқылы шешу;
Бесінші бағыт – ауылдағы шағын жобаларды қаржыландыру.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған