Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінде әлеуметтік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі басты мәселелер ретінде әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу бағытындағы жұмыстардың 9 айлық қорытындысы, соның ішінде жалақы қарызы, өңірдегі өндірістік жарақаттанушылық пен жазатайым оқиғаларды талдау және шетелдік еңбек күшін тартатын кәсіпорындардағы еңбек жағдайының жай-күйі қаралды.
Комиссия отырысына жыл басынан бері жазатайым оқиғалар орын алған өндірістік ұйымдардың және жалақы қарызы қалыптасқан кәсіпорындар өкілдері арнайы шақыртылып, олардың есептері тыңдалды. Сондай-ақ отырысқа арнайы қатысқан облыстық прокуратура мен полиция департаментінің лауазымды тұлғаларының орын алған өндірістік жазатайым оқиғалар мен олардың алдын алу мәселелері бойынша есептері тыңдалды.
Отырыстың күн тәртібіндегі өзекті мәселердің бірі ретінде облыстағы кәсіпорындарда оның ішінде шағын орта бизнес субъектілерінде ұжымдық шарттармен қамтылуы, төменгі жалақыны көтеру, өзара меморандумдар қабылдау, әлеуметтік еңбек саласын цифрландыру, бейресми жұмыспен қамтылған тұлғалардың еңбек қатынастарын заңдастыру мәселелері талқыланды. Бұл мәселелерге байланысты Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, үшжақты комиссия төрағасы Н Календеров әкімдік басқармалары, кәсіподақ ұйымдары, облыстық кірістер департаментінің және құзырлы органдармен бірлескен іс-шара жоспарын жасауды тапсырды.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған