Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен өткізіліп жатқан «Еңбек жолы» конкурсының 3 номинациясы бойынша («Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері», «Өндірістің үздік жас маманы»)  Жамбыл облысы атынан қатысып жатқан үміткерлерге  онлайн дауыс беру жүргізіліп жатқандығын хабарлаймыз.

Жамбыл облысынан аталған конкурсқа комиссия мүшелерінің шешімімен 3 номинация бойынша үміткерлер іріктеліп алынды, олар:

  1. «Үздік еңбек әулеті» – Жабыкбаевтар отбасы, Мемлекеттік қызметкерлер отбасы – Тараз қаласы;
  2. «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – Молдатаева Айтолкын Тургынбаевна – Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасында іс-қағаздарын жүргізу жөніндегі инспекторы, – Тараз қаласы;
  3. «Өндірістің үздік жас маманы» – Шыныбеков Қуаныш Шыныбекұлы- «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС –нің Электр техникалық жабдықтар орталық қызметінің Реле қорғанысы және автоматика қызметінің инженері, – Тараз қаласы.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтының  http://www.enbek.gov.kz/ru/taxonomy/term/1083 адресіне кіріп, 3 номинация бойынша жоғарыдағы қатысушыларға белсенді түрде онлайн дауыс беруге шақырамыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Перейти к верхней панели