2019 жылғы 19 мен 20 қыркүйек күндері, Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы – бас мемлекеттік еңбек инспекторы Б.Нарбаевпен осы басқарманың мемлекеттік еңбек инспекторы Ж.Калиев «Оргстрой» ЖШС-нің филиалы және «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС, «Мыңарал тас компаниясы» ЖШС-де еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға жауапты тұлғалардан емтихан қабылдауға қатысу мақсатында Мойынқұм ауданы, Мирный ауылы мен Мыңарал ауылы бағытында іс сапарда болды.

Іс сапар барысында, басқарма басшысы Б.Нарбаев тарапынан «Оргстрой» ЖШС-нің филиалындағы жұмыс (өндіріс) орындарымен (гранит тасын кесу цехы және т.б.) танысып, Серіктестік басшылығына еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға, оның ішінде жазатайым оқиғаны болдырмауға бағытталған жұмыстарды күшейтуді тапсырып, жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі бойынша бірқатар кемшіліктерді айтып, ескертті.

Түсіндірме жұмыстары аяқталғаннан кейін, комиссия мүшелерімен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға жауапты жұмыскерлерден емтихан қабылдау жұмыстары жүргізіліп, «Оргстрой» ЖШС-нің филиалының жұмыскерлері еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша емтихан тапсырды.

Осыдан кейін, «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС-нің бірқатар өндіріс орындарымен (цемент өңдеу, шығару, сақтау қоймасы және т.б.) танысып, «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС-нің, «Мыңарал тас компаниясы» ЖШС-нің жұмыскерлеріне еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС-нің басшылығына еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға, оның ішінде жазатайым оқиғаны болдырмауға бағытталған жұмыстарды күшейтуді айта кетті.

Түсіндірме жұмыстары аяқталғаннан кейін, комиссия мүшелерімен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға жауапты жұмыскерлерден емтихан қабылдау жұмыстары жүргізіліп, «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС-нің жұмыскерлері мен «Мыңарал тас компаниясы» ЖШС-нің жұмыскерлері еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша емтихан тапсырды.

  

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған