Жамбыл  облысы әкімдігінің еңбек иснпекциясы басқармасы Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 15 шілдеде Үкіметтің және әкімдердің ел өңірлеріндегі жұмысының жедел мәселелері туралы кеңестің қорытындылары бойынша берген тапсырмаларының Жамбыл облысында орындалуына бақылау бекітілісін бекіту туралы» №190 Қаулысы негізінде облыстық кәсіптік одақтармен бірлесіп өндірістерде еңбек дауларын алдын алу; жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсарту жөнінде шаралар қабылдау мақсатында  ағымдағы жылдың 18 қыркүйек күні «Жамбыл Рем Сервис» ЖШС базасында «Ұжымдық шарттың өзектілігі мен тиімділігіжәне еңбек дауларының алдын алудағы ұжымдық шарттың рөлі»тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізді. Жиынға еңбек инспекциясының өкілдері, облыстың өндірістік кәсіпорындарындағы  бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, салалық кәсіподақ көшбасшылары, «Жамбылремсервис» ЖШС-нің жұмыскерлері және бірқатар кәсіпорын өкілдері қатысып, жұмыскерлердің еңбек заңнамасына қарағанда жағдайын едәуір жақсарту мәселелерін, қазіргі таңдағы проблемаларды талқылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған