Облыс әкімдігінің еңбек инспекциясының басшысы Б.Нарбаев Талас ауданы, Қаратау қаласында «Жамбыл Недр» ЖШС-де еңбек заңнамасы оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кеңеске аудан әкімі төрағалық жасап, тиісті бөлім басшылары және «Жамбыл Недр» ЖШС-і басшысының міндетін атқарушы Б.А. Батырбеков қатысты.

Кеңес барысында «Жамбыл Недр» ЖШС-і жұмыскерлерінің еңбек жағдайлары мәселелері бойынша кәсіпорын басшысы тыңдалды.

Кеңес соңында, еңбек саласындағы ахуалды зерделеу мақсатында, «Жамбыл Недр» ЖШС-нің жұмысымен танысып, кәсіпорында жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын және айлық жалақыларын уақылы төленуін қамтамасыз ету бойынша қатаң бақылауға алуды тапсырылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған