Day archives: Ақпан 5th, 2020

Өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықаралық әлеуметтік қамтамасыз ету қауымдастығымен  «Нөлдік жарақаттану – Vision Zero»  тұжырымдамасын ілгерілету бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандум жасасты. Құрметті жұмыс берушілер осы Тұжырымдаманы енгізу кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға бағытталған бақылау болып табылады.   …

Ағымдағы жылдың 4 ақпан күні сағат 11.00-де Кәсіподақ үйінде облыс әкімінің баспасөз қызметі мен облыстық Кәсіподақ орталығының ұйымдастыруымен Тараз қаласы, аудан әкімдіктерінің және салалық басқармалардың баспасөз хатшыларына арналған «Қазіргі ақпарат кеңістігі және қоғамдық пікірдің қалыптасуы» және «Жалпы еңбек қоғамы және әлеуметтік-еңбек қатынасының өзекті мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Өткен 2019 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен пилоттық режимде Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі іске қосылып, еңбек шарттарын электронды «E-HR» жүйесіне енгізу жұмыстары басталған болатын. Бұл бағытта Жамбыл облысының 1455 кәсіпорыны 62548 еңбек шарттарын аталған жүйеге енгізіп, өңірлер арасында көш бастады. Бұл жоба азаматтардың өмірін жеңілдетіп қана қоймай, еңбек …

Перейти к верхней панели