2019 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша баяндама

Құрметті Тимур Амантайұлы,

Құрметті әріптестер!

Еңбек инспекциясы басқармасымен 2018 жылы 12 кәсіпорында 2472 жұмыскер алдында 514,4 млн. теңгенің жалақы қарызы бары анықталған. Слайд №16-ы Тараз қаласында, 1-Талас ауданында, 1-і Шу ауданында, 1-і Қордай ауданында, 1-і Жамбыл ауданында және 2-і Мойынқұм ауданында орналасқан. Олар: Тараз қаласы бойынша:

  1. «Мекен-Жай-Тараз» ЖШС-де 24 жұмыскердің алдында 2,25 млн. теңге (226,9 мың теңге штраф)

  2. «Жамбылгипс» АҚ 140 жұмыскер алдында 5,3 млн. теңге

  3. «Таразтрансэнерго» ШЖҚ КМК 174 жұмыскер алдында 24,188 млн. теңге (72150 теңге штраф)

  4. «Қайсар Сарбаз» ЖШС-де 18 жұмыскер алдында 189 мың теңге (120250 теңге штраф)

  5. «Таразэнергоцентр» АҚ 374 жұмыскер алдында 9,133 млн. теңге (180375 теңге штраф)

   6.«Энерджи-Тараз» ЖШС 183 жұмыскер алдында 33,114 млн. теңге (96200 теңге штраф)

Мойынқұм ауданы бойынша:

  1. «ACIG» АҚ 588 жұмыскер алдында 225,473 млн. теңге (180375 теңге штраф)

  2. «Hantau Mining» ЖШС 5 жұмыскер алдында 549 мың теңге

  3. «Шу Сервис» ЖШС 63 жұмыскер алдында 12,483 млн. теңге (72150 теңге штраф)

  4. «Talas investment Company» ЖШС 495 жұмыскералдында 162,883 млн.Теңге (240500 теңге штраф)

  5. «Қордай Берекесі» ШЖҚ КМК 1 жұмыскер алдында 483 мың теңге (72150 теңге штраф)

  6. «Амангелді ГӨЗ» ЖШС Тараз филиалы 407 жұмыскер алдында 38,355 млн. теңге (180375 теңге штраф)

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2279 жұмыскердің еңбек саласындағы құқығы қорғалып, 440,5 млн. теңге жалақы қарызы өтелді. Бұл жалпы орын алған қарыздың 85,6%құрайды.

Дегенмен, бүгінгі күнге облыс бойынша 3 кәсіпорында 162 жұмыскер алдында 73,2млн. теңге жалақы қарызы 2018 жылдан өтпелі болып қалып отыр.

Слайд №2

Олар:«Энерджи-Тараз» ЖШС – 60 жұмыскерге 20,6 млн. теңге;

  1. «Hantau Mining» ЖШС – 5 жұмыскерге 549 мың. теңге;

  2. «ACIG» АҚ – 97 жұмыскерге 52,046 млн. теңге.

Басқармамен қолданыстағы заң аясында аталған кәсіпорындардың жалақы қарыздарын жоюға бағытталған барлық шаралар қабылданды.

«ACIG» АҚ және «Hantau Mining» ЖШС 2018 жылдың мамыр айынан бастап жұмысы толық тоқтаған, қазіргі уақытта облыстық кірістер басқармасының басбамасымен кәсіпорынды банкрот деп тану туралы ұсыныстары сотта қаралуда.«Энерджи Тараз» ЖШС –нің басшысы бүгінгі комиссия отырысынақатысып отыр, кәсіпорын өкілі мен Тараз қалалық үшжақты комиссия төрағасының жалақы қарыздарын жою бағытында атқарылып жатқан жұмыстары туралы есебін тыңдауды ұсынамын «Энерджи Тараз» ЖШС-гі өкілінің есебі;Тараз қаласы әкімінің орынбасары, үшжақты комиссия төрағасы К.Олжабайдың есебі. Келесі мәселе:2018 жыл қорытындысы бойынша орын алған өндірістік жарқаттанушылық  пен жазатайым оқиғалар туралы қысқаша тоқталсақ:2018 жылы облыс кәсіпорындары мен мекемелерінде 48 (63)(23,8% төмендеген)жазатайым оқиға орын алып,  60 (67)(10,5% төмендеген)адам зардап шегіп, оның 10 (16)(37,5% төмендеген)адам өліміне әкеп соққан. Ауыр жарақат алғаны 24 (22), орта және жеңіл жарақат алғаны 26 (29) адам.

Слайд №3 Бұл көрсеткіштер өткен жылмен салыстырғанда 37 пайызға төмендеп отыр.

73 дөңгелек стөлдер мен семинарлар ұйымдастырылып,  бұқаралық ақпарат құралдарында 87 мақалалар жарияланды  және 2 рет радио арқылы тікелей эфирге шығып, 77 телеарнасында басқармамен даярланған тақырыптық бейнероликтер 98 рет көрсетіліп, басқарманың сайтында облыс тұрғындарының еңбек заңнамасына қатысты түскен 24 сұрақтарына жауаптар берілді. Дегенмен, бірқатар кәсіпорындарда жазатайым оқиғалар саны шамадан тыс көп болып отыр.

Слайд №4 Атап йтар болсақ, өткен жылы ең көп жазатайым оқиға «АК Алтыналмас» АҚ орын алған. Яғни, жыл ішінде 10 жазатайым оқиға орын алып, оларда 10 адам зардап шегіп, 2 адам қаза тапса, 1 адам  ауыр жарақат, 7 адам жеңіл жарақат алған.

Сол сияқты, «Казфосфат» ЖШС-не қарасты филиалдарда 4 жазатайым оқиға орын алып, оларда 6 адам зардап шексе, оның 1 өліммен аяқталған, 4 ауыр жарақат алған, 1 адам жеңіл жарақат алған.Зардап шегушілердің ең көбі Тараз қаласында 35 адам (5 адам өлім), Мойынқұм ауданында 9 адам (1 адам өлімі), 4 адам Сарысу ауданында (1 адам өлімі).Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері:

  1. Жұмыскердің өрескел абайсыздығы – 19 оқиға, 22 жұмыскер 5 өлім;

  2. Жұмыс жүргізуді қанағаттарсыз ұйымдастыруы – 19 оқиға, 21 жұмыскер 2 өлім;

  3. Жол көлік оқиғалары – 5 оқиға, 12 жұмыскер. 3 өлім;

  4. басқа да себептермен (еңбек қауіпсіздігін тәсілдерін оқытудағы кемшіліктер, немқұрайлық)5 оқиға, 5 жұмыскер

  5. Осы орайда, «Алтыналмас» АҚ және «Казфосфат» ЖШС-нің өкілдерінің есептерін тыңдауды ұсынамын.

  6. «Алтыналмас» АҚ өкілінің есебі;

«Казфосфат» ЖШС өкілінің есебі

Келесі мәселе:

(үшжақты комиссия отырысына шақыртылған компания өкілдері ары қарай отырысқа қатыспауына болады)

2019 жылы прокуратура органдарының тексерісі барысында 7кәсіпорында 3079 жұмыскер алдында 170,506 млн теңге жалақы қарыздары анықталып, қабылданған шаралар нәтижесінде 3055 жұмыскер алдындағы 169,6 млн теңгесі толығымен өтелді. Ал, Т.Рысқұлов ауданындағы «Жауқазын» балабақшасында 24 қызметкер алдындағы 906 мың теңге жалақы қарыздарын өтеуге мәселесі бүгінгі күнге шешімін таппай келеді.

Тимур Амантайұлы, бұл орайда айта кететін жағдай, жалақы қарыздары орын алған 7 кәсіпорынның 4-і бюджеттік мекемелерде орын алып отыр.Бюджеттік мекемелердегі жалақы қарздары негізінен бюджет қаражатын дұрыс жоспарламау салдарынан орын алған. Бұл мәселеге қатысты мемлекеттік еңбек инспекторларымен барлығына әкімшлік құқық бұзушылық туралы заңына сәйкес айыппұлдар салынды. Одан бөлек, аудан әкімдеріне ресми хат жолданып, жауапты лауазым иелерінің жауапкершіліктерін қарау ұсынылған. Алайда, бүгінгі күнге Жуалы ауданында 1766 мұғалімнің 70 млн теңге көлеміндегі жалақысын уақытылы төлемегені үшін аудандық білім бөлімінің бас үнемдеушісіне сөгіс түсіндегі тәртіптік шара қолданылған. Ал, қалған аудандардан жауап жоқ.Осыған сәйкес, аудан әкімдіктері мен үшжақты комиссия төрағаларына бюджеттік мекемелерде жалақы қарыздарын болдырмауға бағытталған пәрменді шаралар қабылдап, тұрақты бақылауда ұстау туралы тапсырма беруіңізді сұраймын.Ендігі кезекте бюджеттік мекемелерде жалақы қарыздарына жол берген аудандардың үшжақты комиссия төрағаларының есебін тыңдауды ұсынамын.Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі – 483 қызметкерге 22,6 млн теңге (60 АЕК айыппұл);

  1. Жуалы ауданының білім бөлімі – 1766 қызметкерге 70,0 млн теңге (60 АЕК айыппұл);

  2. «Меркі Мерей» ЖШС-гі – 23 жұмыскерге 4,4 млн теңге;

  3. «Амангелді ГӨЗ» ЖШС-нің – 440 жұмыскер алдындағы 44,1 млн теңге (200 АЕК айыппұл);

  4. Жаңатас-Су-Жылу ШДҚ КМК – 187 жұмыскерге 16,2 млн теңге (75 АЕК айыппұл).

  5. «Таразтрансэнерго» – 156 жұмыскерге 12,3 млн теңге (75 АЕК айыппұл).

  6. «Жауқазын» бөбекжай-бақшасы» МКҚК – 24 жұмыскерге 906 мың теңге (30 АЕК айыппұл).

  7. Сонымен қатар, 2 кәсіпорында 547 жұмыскер алдында 40,02 млн. теңге жалақыны кешіктіріп төлеу фактісі анықталып, тиісті шаралар қабылданды.

Олар:

1.Тараз-Су» МКК – 446 жұмыскерге 34,3 млн теңге (100 АЕК айыппұл салынды).

2.«Мойынқұм ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Мөлдір» ШЖҚ КМК-101 жұмыскерге 5,720 млн. теңге (30 АЕК айыппұл салынды).

Ендігі кезекте, бюджеттік мекемелерде жалақы қарыздарына жол берген аудан әкімдерінің орынбасарлары, аудандық үшжақты комиссия төрағалары арнайы қатысып отыр, сол себептен, олардың есептерін тыңдауды ұсынамын.

Жуалы, Талас, Т.Рысқұлов ауданы әкімдерінің орынбасарлары, үшжақты комиссия төрағаларының есептері 

Келесі мәселе:

Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» туралы жолдауында ең төменгі жалақыны 1,5 есеге, яғни 28 мың теңгеден 42,5 мың теңгеге арттыру тапсырылған болатын. Осыған сәйкес, облыста тиісті жұмыстар атқарылды. Алға қойған межелер толығымен орындалды. Слайд №5 Нәтижесінде 4276(23,9%) кәсіпорын 69297(72,8%) жұмыскердің жалақысын көтеруге даяр екендігін көрсетіп отыр. Жергілікті атқарушы органдар ұсынған мәліметтерге сәйкес, орташа жалақы көтергенге дейін – 44257 теңге болса, көтерілгеннен кейін 53636 теңгені құрайтын болады. Орта есеппен жалақы 9379 теңгеге немесе 21 пайызға артады.

91 ірі кәсіпорын (43300 жұмыскер), 42 орта кәсіпорын  (3877жұмыскер), 4143шағын кәсіпорын (22120жұмыскер).

42,5 мың теңгеден төмен жалақы алатын жұмыскерлері бар 1831 (99,7%) кәсіпорын 21429 (129,6%) жұмыскердің жалақысын 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 42,5 мың теңгеден төмен емес деңгейге көтерді.ҚР ЕЖХӘҚ министрлігінің тапсырмасына сәйкес жалақысын көтеруді растаған кәсіпорындар мен олардың жұмыскерлерінің ЖСН мен БСН-н жинау жұмыстары тапсырылған болатын. Бұл бағытта Өзіңіз де аудан әкімдерінің орынбасарларын жинап, тиісті тапсырма бердіңіз, одан бөлек ресми хат та жолданды. Дегенмен бұл бағыттағы жұмыстар төмен деңгейде атқарылып отыр.Бүгінгі комиссия отырысында аудандарға мерзім белгілеп, орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырманы хаттамаға енгізуді сұраймын. Келесі мәселе, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында пилоттық режимде енгізіліп отырған әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру барысында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы.Слайд №6 Бұл орайда министрлік әр облыс пен ауданға меже белгілеп, жолдаған болатын.Бұл жоспар басқармамен аудан әкімдіктерінің барлығына жолданып, тұрақты бақылауға алынған. Қазіргі уақытта бірінші тоқсанның межесінен шықпай қалу қауіпі туындап отыр. Бірқатар аудандар, белгіленген межені артығымен орындаса, бірқатары белгілеген межеге жеткен жоқ. Атап айтар болсақ,

Тараз қаласы – жоспар 297 болса, орындалғаны 48 (16%);

Байзақ ауданы – жоспар – 27 болса, орындалғаны – 0;

Қордай ауданы – жоспар – 52 болса, орындалғаны – 9 (17%);

Шу ауданы жоспар – 29 болса, орындалғаны – 19 (65%);

Мойынқұм ауданы жоспар – 10 болса, орындалғаны – 7 (70 %);

Меркі ауданы жоспар – 22 болса, орындалғаны – 16 (73%);

Талас ауданы жоспар 15 болса, орындалғаны – 14 (93%).

Қалған аудандар белгіленген межені артығымен орындады.Құрметті Тимур Амантайұлы, ҚР ЕЖХӘҚ министрлігімен 2019 жыл еңбекті қорғау жылы болып белгіленді. Осыған сәйкес, басқармамен еңбекті қорғау, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қатынастарын реттеуге бағытталған жол картасы әзірленді. Осы жол картаны назарларыңызға жеткізуге рұқсат етіңіздер.