Басқарма туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің
2016 жылғы 27 қазандағы
№ 316 қаулысымен бекітілген

«Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

 

  1. Жалпыережелер
  1. «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының еңбекзаңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегіталаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын ҚазақстанРеспубликасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Жамбылоблысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволық бағынысты ұйымдарыжоқ.
  3. «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті менҮкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осыЕрежеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Жамбылоблысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық жағынан коммуналдықмемлекеттік мекеме түріндегі заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттіктілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылықоргандарында шоттары болады.
  5. «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өзатынан түседі.
  6. «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттікберілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардыңтарапы болуға құқығы бар.
  7. «Жамбылоблысыәкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойыншазаңнамада белгіленген тәртіппен «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбекинспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысыныңбұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделгенбасқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. «Жамбылоблысыәкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылымы және штат санының лимитіқолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. «Жамбылоблысыәкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: пошталық индексi 080012, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Желтоқсанкөшесі, 78.
  10. Мемлекеттікорганның толық атауы – «Жамбыл облысы әкімдігініңеңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  11. ОсыЕреже «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясыбасқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болыптабылады.
    12. «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергіліктібюджеттен жүзеге асырылады.
  12. «Жамбылоблысыәкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Жамбылоблысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттікмекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысындашарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетінқызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынғанкірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2.Мемлекеттік органның миссиясынегізгі міндеттері,
функцияларықұқықтары мен міндеттері

  1. «Жамбылоблысыәкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы – еңбек қатынастарын жәнееңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге де қатынастарды еңбекқатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғау.
  2. Міндеттері:

         1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттікбақылауды қамтамасыз ету;

2) қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықты қоса алғанда, жұмыскерлердіңқұқықтары мен бостандықтарының сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету;

3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мәселелері бойыншажұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін, арыздарын жәнешағымдарын қарау болып табылады.

  1. Функциялары:

1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбекқауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттікбақылауды жүзеге асырады;

         2) жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін жүзегеасырады;

         3) өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардыңсебептеріне талдау жүргізеді және олардың профилактикасы жөніндеұсыныстар әзірлейді;

         4) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды осы Кодекстежәне Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріндебелгіленген тәртіппен тергеп-тексереді;

         5) жұмыс берушілердегі еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғаудықамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізеді;

         6) өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегіқабылдау комиссиясының құрамына қатысады;

         7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдірумәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерімен өзараіс-қимыл жасайды;

          8) жұмыскерлердің, жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің еңбекқауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарайды;

         9) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаумониторингін жүзеге асырады;

         10) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерукестелерін әзiрлейдi және бекiтедi;

         11) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбекті қорғау жәнееңбек қауiпсiздiгі жөніндегі ақпараттық жүйе негізінде кезеңдік есептерді, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау жай-күйі мониторингініңнәтижелерін ұсынады;

         12) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойыншаұжымдық еңбек дауларының мониторингін жүргізеді;

         13) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбек қатынастарыбойынша қажетті ақпаратты береді;

         14) жұмыс берушінің қызметін декларациялауды жүзеге асырады.

  1. 17.Құқықтарымен міндеттері:

Құқықтары:

1) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік жәнемемлекеттік емес ұйымдарда өкілеттік етуге және тиісті хат алмасуға, өзатынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге;

2) белгіленген тәртіппен басқа мемлекеттік органдармен жәнеұйымдармен қарым-қатынас орнатуға, олардан қызмет үшін қажетті мәліметтермен материалдарды сұратуға және алуға;

3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарыныңорындалуы бойынша белгіленген тәртіппен және құзыреті шегінде тексерулержәне өзге де нысанда мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзегеасыруға;

4) өз құзырына кіретін мәселелерді талқылау бойынша комиссиялар менжұмыс топтарының жұмысына қатысуға;

5) уәкілетті органдардан, жұмыс берушілерден (заңды тұлғалардан), жекетұлғалардан, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметімен айналысатын тұлғаларданталдау жұмысын қамтамасыз ету және жүктелген міндеттер мен функциялардыорындау үшін қажетті құжаттар мен ақпараттық сипаттағы анықтамалардыбелгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;

6) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тиісті шешімдердіқабылдауға;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге деқұқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылаудыжүзеге асыруға;

2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының орындалуын тексерудіуақтылы және сапалы жүргізуге;

3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының анықталғанбұзушылықтарын жою жөніндегі шараларды қабылдау мақсатында осындайбұзушылықтар туралы жұмыс берушілерді (олардың өкілдерін) хабардар етуге;

4) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелерібойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін уақтылы қарауға;

5) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соғатынсебептер мен мән-жайларды анықтауға, оларды жою және бұзылған еңбекқұқықтарын қалпына келтіру жөнінде ұсынымдар беруге;

6) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеругеқатысуға;

7) еңбек заңнамасының бұзылу себептерін жинауды, талдауды жәнеқорытуды жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасыныңбұзылуының алдын алу жөніндегі жұмысты күшейтуге бағытталған шаралардыәзірлеу мен қабылдауға қатысуға;

8) еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болғанмемлекеттік құпияны, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзгеде құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;

9) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелерібойынша түсіндіру жұмысын жүргізуге;

10) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыру кезiнде азаматтармен және қызметкерлердiң өкiлдерiмен өзара iс-қимыл жасасуға;

11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтауға;

12) Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдіктің актілері мен тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындауға.

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
  1. «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты, «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның келісімімен облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
  4. «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

         1) құрылымдық бөлімшелердің басшыларының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;

         2) заңнамаға сәйкес қызметкерлерді қызметке тағайындайды және босатады;

         3) құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді бекітеді, орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

         4) қызметкерлерді көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін заңнамада белгіленген тәртіппен шешеді;

         5) қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

         6) «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз әрекет жасайды;

         7) мемлекеттік органдарда, қоғамдық және басқа қазақстандық және шетелдік ұйымдарда, сондай-ақ жеке тұлғалармен қарым-қатынаста «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді;

         8) «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар жобаларының және басқа да құжаттардың әзірлену барысын бақылайды;

         9) «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөніндегі жұмыстарды бақылайды;

         10) белгіленген тәртіппен «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызметтерінің мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты орындалуын бақылайды;

         11) «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын, қызметкерлердің белгіленген еңбекақы төлеу қоры мен саны шегінде бекітеді;

         12) «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі заңдылықтың, шарттық және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;

         13) заңнамада белгіленген тәртіппен «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі атынан заңды және жеке тұлғаларға наразылықтар мен талап білдіру туралы шешім қабылдайды;
14) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шаралар қолданады және тиісті шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;

         15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

         «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

  1. Мемлекеттік органның мүлкі
  1. «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады.

         «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
  1. «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.