Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн

27 мамыр күні Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» атты брифинг өтті. 2019 жылғы 1-12 маусым аралығында еліміздің барлық өңірлерінде «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны өткізіледі. Аталған науқан «Еңбектен бос балалық шақ» ұранымен өтеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 24 бабына сәйкес әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар.

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының қағидаттарының бірі еңбек саласындағы кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу болып табылады.

Еңбек кодексі еңбек шартын жасасу кезінде құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігін бұзуға тыйым салады, соның ішінде кәмелетке толмағандығына байланысты еңбек шартын жасасу құқығын шектемейді.

Қолданыстағы еңбек заңнамасында он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі.

Алайда,  Еңбек шарты орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайларда, он бес жасқа толған азаматтармен;

оқудан бос уақытта, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін он төрт жасқа толған оқушылармен;

кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және имандылық тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей, шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшін оқудан бос уақытта, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін, он төрт жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін.

Бұл жерде, еңбек шартына кәмелетке толмаған адаммен қатар оның ата-анасының біреуі, қорғаншысы, қамқоршысы немесе асырап алушысы қол қоюға тиіс.

Сонымен қатар, еңбек кодексінде кәмілетке толмағандардың еңбегін қорғауға байланысты бірқатар шектеулер белгіленеген:

  • ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарға, сондай-ақ жұмыс берушінің мүлкі мен басқа да құндылықтарының сақталуын қамтамасыз етпегені үшін жұмыскердің толық материалдық жауаптылығы көзделетін лауазымдар мен жұмыстарға, сондай-ақ орындалуы олардың денсаулығы мен имандылық тұрғысынан дамуына зиян келтіруі мүмкін жұмыстарға (ойын бизнесі, түнгі ойын-сауық орындарындағы жұмыс, алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру, тасымалдау мен сату) он сегіз жасқа толмаған азаматтармен еңбек шартын жасасуына;
  • медицина қызметкерлерін қоспағанда, он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлерді қоса атқаратын жұмысқа орналастыруға;
  • Жұмыс уақытының жиынтық есебі қолданылатын жұмысқа он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлерді тартуға жол берілмейді.
  • Түнгі уақыттағы жұмысқа ( сағат 22.00 ден 6.00 дейін), үстеме жұмысқа, вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер жіберілмейді.
  • Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерді жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алуға болмайды.

                Еңбек заңнамасы жұмыскерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын айқындаған.

  1. Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер үшін:

1) он төрт жастан он алты жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 24 сағаттан аспайтын;

2) он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.

Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің еңбек ақысын төлегенде жұмыс берушілер Еңбек кодексінің 103 бабын басшылыққа алу тиіс. Осы кезеңге айқындалған жұмыс уақытының нормасын толық атқарған және еңбек нормаларын немесе еңбек міндеттерін орындаған жұмыскердің айлық жалақысының мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмайды.

 

 

 

Пікірлер 1

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған