Ағымдағы жылдың 17 мамырында Таразқаласы әкімі аппаратының ғимаратында қала әкімі Қ.Досаевтыңтөрағалығыменәлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссия отырысы өткізілді.

Ағымдағы жылдың 17 мамырында Тараз қаласы әкімі аппаратының ғимаратында қала әкімі Қ.Досаевтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссия отырысы өткізілді.Негізігі баяндамашы облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б.Нарбаев өңірдегі орын алып отырған жалақы қарыздары, ұжымдық шарттарды қабылдау, электрондық еңбек шарттарды E-HR жүйелеріне енгізу жұмыстарын жандандыру және де басқа сұрақтарды көтерді.

Жалақы қарызы бойынша мәселелер Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қ.Сарытайдың есебі және ұжымдық шарттың ерекшеліктері туралы облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Төлепбергеннің баяндамасы тыңдалды.

Жұмыс берушілермен еңбек заңнамасын қамтамасыз ету,  сондай-ақорын алған жалақы қарыздарын өтеу мәселесінкәсіпорын басшыларына және жергілікті атқарушы органдарға қатаң бақылауда ұстауға ұсыныс енгізді.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған