Ағымдағы жылдың 16 мамырында Жамбыл облысы әкімі аппаратының ғимаратында облыс әкімінің орынбасары Н.Календеровтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссия отырысы өткізілді.

Ағымдағы жылдың 16 мамырында Жамбыл облысы әкімі аппаратының ғимаратында облыс әкімінің орынбасары Н.Календеровтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссия отырысы өткізілді. Негізігі баяндамашы облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б. Нарбаев өңірдегі орын алып отырған жалақы қарыздары, ұжымдық шарттарды қабылдау, электрондық еңбек шарттарды e-hr жүйелеріне енгізу жұмыстарын жандандыру және де басқа сұрақтарды көтерді.

Жалақы қарызы бойынша мәселелер  «ACIG» АҚ, «Энерджи-Тараз» ЖШС, «Мерке асыл-тұқымды қой зауыты»  АҚ және  «Жанатас-Су-Жылу» ШЖҚ МКК кәсіпорындары басшыларының және аудан әкімінің орынбасарларының есебі тыңдалды.

Жұмыс берушілермен еңбек заңнамасын қамтамасыз ету,   сондай-ақ орын алған жалақы қарыздарын өтеу мәселесін кәсіпорын басшыларына және жергілікті атқарушы органдарға қатаң бақылауда ұстауға ұсыныс енгізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған