Аудандық үшжақты комиссия отырыстары

Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы тарапынан ағымдағы жылдың 14-15 тамызы аралығында Жуалы, Т.Рысқұлов, Байзақ аудандарында әлеуметтік – еңбек қатынастарын реттеуге бағытталған көшпелі семинар – кеңестер ұйымдастырылып, мемлекеттік еңбек инспекторлары тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, еңбек заңнамасы бойынша сұрақтарға жауаптар берілді.

Еңбек саласындағы ахуалға зерделеу мақсатында, жиындарда жұмыскерлердің жалақысы мен еңбек жағдайлары мәселелері бойынша шетел жұмыс күшін (ары қарай – ШЖК) тартатын кәсіпорындар басшыларын тыңдады.

Сонымен қатар, отырыстарда Әкімдік, ШЖК тартатын кәсіпорындар әкімшілігі және кәсіподақ (жұмыскерлер өкілдері) арасында қауіпсіз және қолайлы еңбек пен тұрмыс жағдайларын жасау жөнінде өзара түсіністік туралы меморандумдар жасалды.

Аудан әкімдеріне объектілерде, сондай-ақ олар жинақы тұратын жерлерде ЖШК болуы және жұмысы жөніндегі үлгілік нұсқаулыққа сәйкес шетелдік жұмыскерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу және ШЖК тартатын кәсіпорындарда тапсырыс берушіден мердігерге дейін жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын және тұруын қамтамасыз ету бойынша қатаң бақылауды енгізу тапсырылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған