Аудандық үшжақты комиссия отырыстары

Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының бастамасымен ағымдағы жылдың 16 тамызында Сарысу және Талас аудандарында әлеуметтік – еңбек қатынастарын реттеуге бағытталған көшпелі семинар – кеңестер ұйымдастырылып, мемлекеттік еңбек инспекторлары Б.Молдашев пен Ж.Қалиев еңбек заңнамасы оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, еңбек саласындағы ахуалды зерделеу мақсатында, жиындарда жұмыскерлердің жалақысы мен еңбек жағдайлары мәселелері бойынша шетел жұмыс күшін (ары қарай – ШЖК) тартатын кәсіпорындар басшыларын тыңдалды.

Аудан әкімдеріне объектілерде, сондай-ақ олар жинақы тұратын жерлерде ШЖК-нің болуы және жұмысы жөніндегі үлгілік нұсқаулыққа сәйкес шетелдік жұмыскерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу және ШЖК тартатын кәсіпорындарда тапсырыс берушіден мердігерге дейін жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын және тұруын қамтамасыз ету бойынша қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Отырыс соңында аудан әкімдігімен ШЖК тартатын кәсіпорындар әкімшілігі және кәсіподақ (жұмыскерлер өкілдері) арасында қауіпсіз және қолайлы еңбек пен тұрмыс жағдайларын жақсарту жөнінде өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылып, еңбек инспекторлары тарапынан еңбек заңнамасы бойынша сұрақтарға жауап берілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған